• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалі Жезқазған қаласында классикалық музыка кешімен аяқталды

18.07.2018
0

«Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалі атаулы солистердің өнер көрсетуімен аяқталды. Үш күнге созылған айтулы музыкалық оқиға «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы және «Туған жер» арнайы бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді.
Фестиваль Қазақстанның матераилды емес мәдени мұрасын сақтау, қазақ фольклорын дамыту және классикалық музыканы насихаттау, туристтік кластерді дамыту, халық мәдениетін жан-жақты танымал ету мақсатында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

fb_img_1531737480333

Естеріңізге сала кетейік, фестивальдің бірінші күні,12-ші шілдеде туроператорлар форумы ұйымдастырылды. Ол Ұлытау ауылының маңында орналасқан Этноауыл аумағында өтті. Оған туристік бизнес, қауымдастықтар, мемлекеттік органдар, «Kazakh Tourizm» Ұлттық компаниясы, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және т.б. қатысты.

fb_img_1531737491773

Ақпараттық турға Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің шетелдік әріптестерімен серіктес Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарынан ақпараттық турға 60-қа жуық туристік операторлар мен туризм қауымдастықтары қатысты. Ақпараттық турдың бағдарламасы тарихи-мәдени, киелі және туристік нысандарға барудан құралды.

fb_img_1531737542981
14-ші шілде, екінші күні «Жезкиік» шеңберінде Ұлытау ауданының Болатсай мекенінде фольклорлық музыка фестивалі өтті. Фестивальге Мексика, Перу, Польша, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Франция, Шотландия, Жапония және Қазақстаннан жиналған 11 кәсіби ұжымдар қатысты.

fb_img_1531737548872

Және де»Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалінің үшінші, қорытынды күнінде классикалық музыка кеші өтті. 14-ші шілдеде Жезқазғанда Кеңгір су қоймасының жағалауының бойымен этно-музыка фестивалі қатысушыларының шеруі, қатысушылар гала-концерті мен марапаттау рәсімі, солистердің қызыл кілем үстімен өткен дефилесі болды. Сонан соң отандық және шет елдік әртістердің қатысуымен классикалық музыка концерті өтті. Онда 10 елден (Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Австрия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдавия, Италия) келген 17 солист өнер көрсетті.
Көрермендер алдында бірінші болып КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова өнер көрсетті. Қазақ классикалық музыкасының аңызы мен «бұлбұлы» Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін орындап берді.

fb_img_1531737538150
— Соңғы кездері мен сапарларға көп шыға қоймаймын, алайда соған қарамастан, мен осында келмей, сіздермен осы тамаша күнді бөліспей жата алмадым, — дейді Биігүл Төлегенова.

edf

Сондай-ақ жүрек жарды ду қол шапалақпен фестиваль көрермендері ҚР және Татарстан халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваны қарсы алды.
— Біз барлықтарыңызды «Жезкиік» музыка фестивалімен құттықтаймыз. Бұл өте тамаша шара, кешегі этно ауылда өткен гала-концерт ерекше болды. Ал бүгінгі концерт бізді тыңдармандарымызбен жақындастырады. Опера мен классикалық музыканы сүйетін қауым барлық жерде бар, — деді Нұржамал Үсенбаева.

edf

Көрермендер үшін Жезқазған қаласында фестивальге арнайы салынған амфитеатрда дүниежүзінің 10 мемлекеттерінен (Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Австрия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдавия, Италия) 17 солист өнер көрсетті. Бибігүл Төлегенова (Алматы, Қазақстан), Шенол и Гюльчохра Талынлы (Түркия), Нұржамал Үсенбаева (Астана, Қазақстан) – Астана опера, Владимир Мороз (Ресей), Ильхам Назаров (Әзербайжан), Амантай Ыбыраев (Қарағанды, Қазақстан), Талғат Мұсабаев (Астана, Қазақстан) – Астана опера, Оксана Давыденко (Алматы, Қазақстан) – ГАТОБ, Талғат Ыдырысов (Қарағанды, Қазақстан), Жан Тапин (Астана, Қазақстан) – Астана Опера, Анна Риан (Австрия), Асмик Леолян (Армения), Ельнура Жанабергенова (Қырғызстан), Жеңісбек Пиязов (Өзбекстан), Игорь Подгориану (Молдавия), Марко Боэни (Италия).

fb_img_1531737533133
Классикалық музыка кешінде «Біржан Сара» операсы, «Абай» операсынан ария, Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» секілді қазақ классикалық музыкасымен қатар, дүние жүзіне әйгілі Джузеппе Вердидің, Жорж Бизе, Джакомо Пуччини, Джеймс Ласт, Иоганн Штраустың және тағыда көптеген композиторлардың туындылары шырқалды.

edf

Классикалық музыка кешінің солистері осындай орасан зор шараның ұйымдастырылуына қатысты шаттықтарын білдірді. Ал көрермендер болса, осындай мереке ұйымдастырылғаны үшін сезімге толы жүрек жары алғыстарын айтты.
— Кеше біз Ұлытауда фестивальде болып қайттық: ерекше табиғат және естен кетпес ауа, тамаша концерт және әртістер. Біз барлық музыканттармен суретке түстік. Бүгін барлығы одан да жақсы болады деп ойлаймыз. Мұнда осындай зәулім, ерекше саxна орнатады деп күтпеген едік. Көрініс тамаша», — дейді Жезқазған қаласының тұрғыны Эльмира.

edf

— Кеше мен фольклорлық музыканы тыңдадым, өте қатты ұнады. Бізге, Жезқазған мен Ұлытауға алғаш рет 11 елдің әртістері келіп отыр — бұл бір үлкен жетістік. Енді көптеген елдер мен адамдар Ұлытау мен Жезқазған туралы білетін болады, — деді Самал Жезқазғаннан.

fb_img_1531737502973

Фестиваль жарқын отшашумен аяқталды.
 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.