Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте құбырларды тоттан сақтайтын бірегей технология пилотты режимде енгізілмек
    Жаңалықтар

    Шымкентте құбырларды тоттан сақтайтын бірегей технология пилотты режимде енгізілмек

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.07.2018530 Views

    Қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек және «Қуат жылу орталық-3» МКМ жетекшілерінің «Mitsui & Co.Moscow» компаниясының өкілдерімен кездесті. Онда компания өкілдері тот басуға қарсы «NMRPipetector» бірегей электролитикалық құрылғысын таныстырды. Құрылғыны жасап шығарушылардың айтуынша, тот басуды құбырларды ауыстырмай-ақ тоқтата алатын бұл құрылғы жылу энергиясының сапасын арттырып қана қоймай, құбырларды пайдалану мерзімін де ұзарта алады.

    «Қуат жылу орталық-3» мекемесі құрылғыны сынақтан өткізуге дайын және тәжірибе алаңын да белгіледі: жаңа 3 құрылғы ПМК-49 желілік қазандығының бөлініс шекарасында және көпқабатты 2 үйге орнатылмақ. Бұл нысандардың таңдап алынуының себебі бар: үй ішіндегі инженерлік желінің пайдалану мерзімі қалыпты мерзімнен асып кеткен (үйлер 1985 жылы пайдалануға берілген), толық жөнделмеген және құбырлары толығымен тозған.

    Айта кету керек, жаңа құрылғы тотты магнетитке өзгерту арқылы құбырлардың пайдалану мерзімін кемінде 40 жылға ұзартуға мүмкіндік береді. Бұған қоса құрылғы орнатылған соң ғимараттардағы судың сапасы едәуір жақсарады.

    Пилоттық жоба жарты жылға жуық уақытқа созылады, осы уақыт ішінде құрылғының барлық мүмкіндігі сыналуы тиіс. Айта кету керек, құрылғыны сынау – тегін, құрылғыларды сатып алу жөніндегі келісссөздер тәжірибе оң нәтиже берген соң ғана басталады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.