Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Баян-Өлгей аймағын су басып жатыр
    Жаңалықтар

    Баян-Өлгей аймағын су басып жатыр

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.07.2018443 Views

    Баян-Өлгей аймағын су басып жатыр, деп хабарлады Алтайньюс. Баян-Өлгейде қаланың 5 ауданында 275 отбасы су астында қалған.

    Баян-Өлгей аймағында сел түсіп, қырықтан астам үй су астында қалған болатын. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, олардың саны артқан, деп хабарлайды Алтайньюс.

    Үш күн бойы толассыз жауған жауын салдарынан Моңғолияның батысындағы Баян-Өлгей аймағын су басқан еді. Алғашқы сел түн жарымында Бөкентау тауынан түскен. Ертеңінде түсе ауа қала көшелерімен тағы сел жүрген.

    Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша қаланың 5 ауданында 275 отбасы су астында қалған. Бұл дәл қазіргі уақыттағы мәлімттер. «Сел түскен аумақта орналасқан 2, 3, 4, 11, 12, 13-аудандар тұрғындарының қаша-қорасы, құдығы, баспанасы су астында қалған. Сел зардаптарын жоюға Аймақтық ТЖД, Қарулы күштердің №340 бөлімі, Байланыс орны қызметкерлерінен құралған 124 адам және 24 техника жұмылдырылды» деген Аймақтық ТЖД-ның хабарламасы жетті.

    Қазіргі уақытта 163 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 95 адам Өлгей қалалық №6 орта мектептің жатақханасына орналастырылды. Адам шығыны болмағанымен, тұрғындардың көбі селдің салдарынан материалдық шығынға белшеден батты.

    – Қазіргі жағдайда су тасқынының беті қайтты. Аймақ әкімі Ғылымқан Әлиұлы орынбасарларымен сел түскен аумақта жұмыс істеп жатыр. Қазір күн шықты, жаңбыр басылған. Енді тоқтау суларды сорғызу жұмыстарын қолға алдық, – деді Аймақтық құрылтай төрағасы Бауыржан Дәлелұлы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.