Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Бастау» домбырашылар тобы Голливудта алтын медальға ие болды
    Жаңалықтар

    «Бастау» домбырашылар тобы Голливудта алтын медальға ие болды

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.07.2018266 Views

    «Бастау» домбырашылар тобы АҚШ-тың World Champions Olympic байқауына қатысып өз номинациялары бойынша алтын медальға ие болды. Бұл туралы топ продюсері Алпамыс Шәрім айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Бұл жолды жүріп өту қаншалықты қиын екенін білсеңіздер ғой. Сүйінші! Қазақтың қара домбырасы Hollywood саxнасына шықты. «Бастау» домбырашылар тобы өз номинацияларында алтын медальге ие болды. Жеңісімізді биылғы «Ұлттық домбыра күніне» арнаймыз. Бізді қолдаған Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, өнер жанашыры Айман Мұсаxоджаева xанымға мың алғыс»,- деді «Бастау» тобының продюсері Алпамыс Шәрім.

    World Championship of Performing Arts — WCOPA халықаралық таланттар олимпиадасы. Деңгейі жағынан WCOPA дүниежүзілік Олимпиада ойындарымен тең. Өнер додасына әр мемлекеттің ең талантты деген өнерпаздары қатысады. Әлемдік шоу-бизнестің астанасы Лос-Анджелесте осымен 22 рет ұйымдастырылған олимпиадада 72 мемлекеттің өкілдері бақ таластырды. Қазақстан аталған жарысқа алғаш рет қатысып отыр.

    «Биыл Қазақстан алғаш рет қатысуда, келесі жылдан бастап ұлттық құраманың «бас бапкері» ресми өкілі етіп мені тағайындады. 20 жылдам астам тариxы бар байқаудың ашылуына түрлі елдің президенттері қатысады. Мемлекеттік маңызы бар шараның деңгейін біздің елде де көтеріп, Көк туымызды әлемдік ареналарда желбірету үшін барымызды саламыз. Бұл қазақ өнерпаздарының әлемдік аренаға көрінуіне үлкен жол, үлкен мүмкіндік,- деді А. Шәрім. «Бастау» домбырашылар тобы Голливудта алтын медальға ие болды

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.