Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ғабит Мәуленқұлов — Әл-Фараби ауданының әкімі
    Жаңалықтар

    Ғабит Мәуленқұлов — Әл-Фараби ауданының әкімі

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.07.20181 433 Views

    Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өкімімен Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов Әл-Фараби ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

    Ғабит Патшаханұлы  1977 жылы 22 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Халықаралық құқық және нарық академиясы мамандығы бойынша жоғары білім алған.

    Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Каспий экологиялық прокуратурасының маманы, Каспий экологиялық прокуратурасы прокурор көмекшісінің міндетін атқарушысы болып бастаған.

    2001 жылы Атырау табиғатты қорғау прокуратурасы прокурор көмекшісінің міндетін атқарушысы, 2002 жылы Астана қаласындағы «Астана Интернационал» ЖШС заңгері, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты азаматтарды қабылдау және шағымдар бөлімі экспедициясының, кадрлық жұмыс басқармасының референті, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты кадрлық жұмыс басқармасы соттардың іс-әрекетіне шағымдану жұмысы бойынша инспекциясының, соттардың іс-әрекетіне шағымдарды қарау бөлімінің консультанты болған.

    2010 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты шағымдарды қарау және кадрлық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, азаматтық және әкімшілік жұмыстары бойынша хатшылық алқасының, құжаттандыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі болып істеген.

    2016 жылдың тамыз айынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымын атқарса, 2018 жылдың наурыз айынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.