Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Жамбыл облысында ғарыш арқылы қант қызылшасының сапасын бақылауда
    Агро

    Жамбыл облысында ғарыш арқылы қант қызылшасының сапасын бақылауда

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.07.2018315 Views

    Биыл Жамбыл облысында қант қызылшасы алқабының көлемі артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жамбыл облысында қант қызылшасы алқабының артуы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға байланысты. Мәселен, былтыр 9500 гектар жерге балтамыр еккен дала еңбеккерлері биыл оның көлемін тағы да 1000 гектарға арттырып отыр.

    Қант қызылшасы алқабының ұлғаюы биыл оны сатып алу бағасының бір теңгеге артуы мен мемлекеттен әр келіге берілетін 10 теңге субсидияның 12 теңгеге көтерілуіне байланысты. Өткен жылы 2000 гектар жерге қант қызылшасын егіп, одан мол өнім алған Меркілік шаруалар осы үрдісті биыл да жалғастырмақшы. Мәселен: былтыр 200 гектар жерге балтамыр отырғызып, одан 800 центнерге дейін өнім алған «Сыпатай Батыр» серіктестігі биыл қызылша алқабын 300 гектарға арттырды.

    Қазіргі таңда бұл шаруашылықта жаңбырлатып суару әдісі қолданылады. Сонымен қатар, қызылшаның салмағы бүгінгі күні 400-500 грамға дейін жетіп қалды. Бұл уақтылы суғарып, минералды тыңайтқыштарды тиімді қолданудың арқасы дейді агро сала мамандары. Жалпы, Меркі ауданы бойынша биыл 20 дан астам шаруашылық қант қызылшасымен нақты айналысып отыр.

    Тағы бір айта кететін маңызды мәселе, биыл облыста алғаш рет космомониторинг жобасы жүзесе асып отыр. Бұл ғарыштық түсірілім арқылы егістік көлемі мен сапасын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде қант қызылшасы алқабының да тапсырылған көлемі анықталмақшы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.