Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Б. Сағынтаев пен Й. Шнайдер-Амман Қазақстан мен Швейцарияның инвестициялық ынтымақтастық келешегін талқылады
    Жаңалықтар

    Б. Сағынтаев пен Й. Шнайдер-Амман Қазақстан мен Швейцарияның инвестициялық ынтымақтастық келешегін талқылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.07.2018254 Views

    Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Швейцарияның федералдық кеңесшісі және экономика, білім беру және зерттеулер федералды департаментінің басшысы Йоханн Шнайдер-Амманмен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, инвестициялық әріптестік және аймақаралық өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірлескен жобалардың перспективасы талқыланды.

    Б. Сағынтаев еліміздің энергетика, көлік, шағын және орта бизнес салаларындағы тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа, сондай-ақ жаңа технологиялар мен ноу-хау трансфертін реттеуге қызығушылық танытатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанда швейцариялық компаниялардың қатысуымен машина жасау, құрылыс, агроөнеркәсіп және тау-кен металлургия кешендері салаларында жобалар сәтті іске асырылуда.

    Сонымен қатар Премьер-Министр ҚР-да шетелдік инвесторлар үшін елеулі салықтық және кедендік жеңілдіктермен қолайлы инвестициялық ахуал жасалғанын айтты. 2017 жылдың басынан бері Швейцария азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізілді. Қабылданған шаралар алдағы жылдары Қазақстан экономикасына инвестициялар салып, технологиялар трансфертін жүзеге асырушы Швейцария кәсіпорындарының санын ұлғайтуға жол ашады.

    2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы $3,2 млрд құрады (экспорт — $3,1 млрд), бұл 2016 жылға қарағанда 21% артық. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымы $1,14 млрд құрады (өсім – 95%), экспорт — $1,09 млрд. 2005–2017 жылдары Швейцариядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $20,6 млрд құрады. 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚР-да швейцариялық қатысумен 436 заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген.

    Бұған қоса, Б. Сағынтаев Швейцарияның қаржы институттарын «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына белсене қатысуға шақырды және Швейцария мен Қазақстан халықаралық қаржы құрылымдарының аясында табысты ынтымақтасып, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк жанындағы бір топтың құрамына кіретінін атап өтті.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.