Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Асқар Мырзахметовтің Жамбылды басқарғанына жарты жыл
    Жаңалықтар

    Асқар Мырзахметовтің Жамбылды басқарғанына жарты жыл

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.07.2018689 Views

    Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының тізгінін осыдан тура алты ай бұрын қолға алды. Содан бері көрші облыста қоғамдық өмірінің қай саласында болмасын жұмыстың жүйелене түскені жасырын емес. Құрылыс қарқын алып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер түзеле түсті. Ә, дегеннен-ақ көне шаһар Тараздың сәулеттік келбеті өзгергенін байқадық. Тәжірибесі мол, ептілігі ерекше Асқар Исабекұлы осындай іскерлігімен Жамбылдық ағайынның мақтауына іліккен.

    Сырт көз қашанда сыншы. Шымкенттен 180 шақырым қашықтықта жатқан Тараз қаласында соңғы кездері өзгеріс байқалып жүр. Жыл басында Жамбылға әкім болып барған Асқар Мырзахметов облыстың басты айнасына назар аударып, кескін-келбетін әрлей түсті. Алдымен Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағын жаңартудан бастады. Облыстық драма театр алдындағы еңселі Бауыржан Момышұлы ескерткіші осында көшіріліп, «Ерлік» мемориалды кешені салынды. Яғни, саябақта Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес одағының батырлары, Жамбылдық жауынгерлердің есімі мәр-мәр тасқа қашалып жазылған. Құрылысы қысқа уақытта қарқынды жүргізілді.Ел назарын аударған сол саябақта Жеңіс күні тойланғанда баспасөз басылымдары жарыса жазған болатын. Аймақтық ажарын ашқан мұндай монумент Таразда тұңғыш рет.

    2

    Осылайша, саусақ бірігіп, ине іліккен Әулиеатада әлеуметтік ғимараттар жарыса бой көтеріп жатыр. Соның ішінде Қордай ауданының тұрғындары игілікті іске куә. Себебі, осындағы Әлжан ана тарихи музейі пайдалануға беріліп, барлық деректер жинастырылды. Жәдігерлердің бір парасы Әлжан ана мен оның туыстарына арналған. Облыс әкімі Асқар Исабекұлының тапсырмасына сәйкес бар болғаны 1,5 айда бой көтерген музей заманауи цифрлы технологиямен жабдықталыпты.

    Сондай-ақ, Әлжан ана ауылында дәрігерлік амбулатория мен спорт алаңшасы Елорда тойы қарсаңында іске қосылып, ел азаматтарының қуанышы көбейді. Айтпақшы, Астананың 20 жылдығы қарсаңында Жамбыл облысында 20 нысан ашылып отыр. Соның бірі Жаңатас қаласында. Жылына 50 мың тонна ас тұзын шығаратын «Асыл тұз» ЖШС істі бастап, 75 адам жұмыспен қамтылуда. Жалпы Талас, Қаратау, Шу, секілді аудандар да қоныс той көбейіп, өңірді басқарып отырған Асқар Исабекұлы іскерлігімен ерекшеленіп  ел аузында жүр.

    Күні кеше Астананың 20 жылдығына орай «Астана аймақтардың арқауы» атты облыстық форум өтті. Онда облыс әкімі тек құттықтаумен шектелмей, алдағы уақыттың еншісінде тұрған қыруар шаруа баяндалған болатын. Шыны керек, Мырзахметов Жамбыл облысына әкім болып барғалы бері бірқатар істің басы шалынып, Тараз түрлене бастады. Бұл туралы тұрғындарда растап отыр. Ағаштар егіліп, гүлзарлар жаңарып жатыр. Тарихи қаладағы көпірлер мен аялдамаларды заман талабына сай етіп өзгерту қолға алынғалы біршама уақыт өтті. Жергілікті тұрғындармен бірлесіп жеті рет өлшеп, бір рет кесіліп жатқан жұмыстар легін тізе берсек аз емес.

    1

    2018 жылдың 10 қаңтарынан бастап Жамбылдың билігін тізгіндеп отырған Мырзахметов Асқар Исабекұлы 1962 жылғы. Бұған дейін талай қызметті атқарған белгілі шенеуніктің өмірбаянына қысқаша шолу жасасақ. Ол Бәйдібек ауданының топырағында аунап-өсіп, Созақтағы Жартытөбе елді мекенінде балдәурен шағы өткен. Шымкент қаласындағы мектепте орта білім алды. Салмақты мінезімен, қарапайым бейнесімен ерекшеленген азамат елшілікте, ауылшаруашылық саласында еңбек етіп жүріп көзге түсті. Алты жылдан астам уақыт Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Мырзахметовтің жұмысын жұртшылық әлі күнге дейін сағынышпен еске алады. Ауылшаруашылық саласының министрі, вице-премьер болған кезде де аянбай тер төкті. «Алыстағы ағайынның аты озғанша, жақындағы көршінің тайы озсын» дейтін халық емеспіз бе? Сондықтан Жамбылды басқарғанына жарты жыл болған жерлестің алар асуы әлі алда деген сеніммен, қандай биікті бағындырсада қашанда тілеулеспіз!

    Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.