Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мегаполистегі жалақыны көбейту бастамасын алғаш болып «Shymkent Temir» компаниясы қолдады
    Жаңалықтар

    Мегаполистегі жалақыны көбейту бастамасын алғаш болып «Shymkent Temir» компаниясы қолдады

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.07.2018870 Views

    «Shymkent Temir» ЖШС — Шымкент мегаполис атанған соң жұмысшыларының жалақысын көтерген қаладағы алғашқы кəсіпорын.

    Шымкенттің əкімі Ғабидолла Əбдірахымов кəсіпорынды аралады. Ол мекеменің бірінші жетекшісі Руслан Омаровқа жұмысшыларының жалақысын көтеру бастамасы үшін алғыс айтты, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

       

    Қазіргі таңда зауытта 500-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың 80% — жергілікті тұрғындар. Бірінші қыркүйектен бастап олар бұрынғы жалақыдан 30% көп алатын болады.

    «Shymkent Temir» ЖШС зауыты — болат блюм шығаратын қазақстандық кəсіпорын. Мұнда жартылай дайын өнімдер 40 тонналық индукциялық пештерде, болатты пештен тыс өңдеу құрылғысында жəне үш ағынды үздіксіз құю машиналарында құйылады. Жоба Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

       

    «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кəсіпорынға əкімдік тарапынан 17 га жер учаскесі бөлінген. Жобаға 5,94 млрд теңге инвестиция тартылған.

    Кəсіпорынның жобалық қуаты — жылына 300 мың тонна құйма түріндегі болат блюм шығару. Олар əрі қарай металлургияның кез келген өнімдерін: арматура, металл құрылымдар жəне түрлі металл бөлшектер жасауға дайын. Мұнда шығарылған өнім 100% жақын шетелге (Өзбекстан, Орталық Азия) экспортқа шығарылады.

    Зауыт аумағында тұйықталған теміржол бар, газ құбыры, электр желісі мен су құбыры тартылған. Осылайша өндіріс алаңында жобаның толық жүзеге асырылуына бар жағдай жасалған.

    Айта кетейік, «Shymkent Temir» ЖШС-де қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытында үнемі жұмыс атқарылады. Кəсіпорын басшылығы зауытқа шетелден тəжірибелі мамандарды тұрақты түрде шақырып, олар зауыт персоналын оқытады жəне шеберлік сабағын өтіп тұрады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.