Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Шардарада теңдесі жоқ «Триаж» жүйесі іске қосылды
    Денсаулық

    Шардарада теңдесі жоқ «Триаж» жүйесі іске қосылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.07.20181 367 Views

    Шардара аудандық ауруханасы елімізде теңдесі жоқ «Триаж» жүйесіне қосылды. Бүгінде бұл жүйеге лайықталып салынған ғимарат толықтай заман талабына сай медициналық құралдармен жабдықталған. Триаж ғимараты республика бойынша бұрын-соңды болмаған бірегей жоба. Шағалалы аймақта денсаулық саласында орын алып отырған жағымды жаңалықтар бұл ғана емес. Айтайын дегеніміз мұнда келер жылдың соңына дейін 150 келушелерді қабылдауға қауқарлы емхана пайдалануға беріледі.

    Елімізде 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың» «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында алғашқы медициналық –санитарлық көмек көрсетуді жаңғырту көзделген. Соның бірі Шардарада жүзеге асқан триаж жүйесі. Бұл құрылымның ерекшелігі —  кеңселік емес жүйе. Емделуші аурухананың күту залына не қаралу бөлмесіне келген соң, дәрігерлердің кабинеттерін аралап жүрмейді. Медициналық көмекке зәру, ауырып тұрған емделуші кезекке тұрмайды.

    Жүйенің артықшылығы жедел, жоспарлы және дәрігерлік көмекке өзіндік жүгіну сынды «іріктеуді» білдіреді. Мұнда бір пациенттің жағдайын бағалау процесі 60 секундтан аспайды. Бағалау аяқталғаннан кейін емделушілер арнайы түрлі түсті бирка немесе лента түріндегі іріктеу санатының  бір түсімен белгіленеді.

    Бірінші топ «жасыл аймақты». Мұнда медициналық көмекті аздап қажет ететін және одан әрі амбулаториялық емделу үшін үйіне жіберілген немесе жоспарлы емдеуге жатқызылатын пациенттер.

    Екінші топ (сары  аймақ) – қабылдау бөлімшесіндегі төсекте жатқан шұғыл немесе кезек күттірмейтін көмек көрсетуді қажет етпейтін, сондай-ақ, диагнозын нақытлау мен саралауға қалдырылған пациенттер;

    Үшінші  «қызыл аймақ» қабылдау бөлімшесінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді қажет ететін топ. Міне әлем бойынша енгізілген және тиімді қолданыс үстіндегі жүйе енді елімізде де қарқынды іске асуда.

    Шағалалы аймақта соңғы жылдары бірқатар ілгерілеушіліктер орын алуда. Атап айтар болсақ, биыл қалалық емхана жанынан кұны 1 млрд 600 млн теңгені құрайтын 150 келушіге арналған емхана құрылысы басталып 2019жылы ел игілігіне берілмек. Сонымен қатар шалғайда орналасқан елдімекендерге қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында неміс технологиясымен жасалған 13 модульдік медициналық тіректер халыққа сапалы медициналық қызмет түрін көрсетуде. Ауданның бас дәргерінің айтуынша алдағы уақытта да бұл саланы дамытуда жұмыстар өз жалғасын таппақ.

    Елбасы Н.Назарбаев тәуелсіздік жылдары еліміздің денсаулық саласын дамытуға жіті мән беріп келеді. Осыған байланысты ел үкіметі саланы өркендетуге бағытталған бағдарламалар қабылдап, оның жүзеге асуына мемлекет тарапынан қомақты қаражаттар бөлініп келеді. Мұның бәрі өз кезегінде ұлт саулығын жақсартуда септігін тигізіп отырғандығынахалық куә. Яғни, бұрын соңды шетел асып ем алуға мәжбүр қазақстандықтар жергілікті сапалы медициналық қызмет алуға қауқарлы. Біздің облысымызда да халық денсаулығын жақсартуда қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен ағымдағы жылы мамары айының қорытындысымен Түркістан облысында ана мен бала өлім жітімінің көрсеткіші  2 процентке дейін төмендеген. Облысымыздың бас дәрігері Мұқан Егізбаевтың айтуынша Мұндай нәтиже саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту мен медициналық мекемелердің соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталуының арқасында қол жеткізіліп отыр.

    Мемлекет басшысы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады» деп айтып өткен болатын. Облысымызда 2018 жылға «Кадрлармен біліктілігін арттыру  және қайта даярлау» 003 бағдарламасы бойынша 245 622 мың теңге қаралған.  Бүгінде облыстық балалар оңалту орталығы мамандарына «Науқастарға арналған Кинестетикс» тақырыбында , нарколог, психолог, кардиолог, ультра дыбыстық зерттеу дәрігерлеріне Монғол елінің білікті мамандарының қатысуымен мастер-класс өткізіліп бас аяғы үш мыңға жуық маман білімін жоғарылатты. Сондай-ақ шет елдерде 42 маман біліктілігін арттырды. Оның ішінде инсультқа шалдыққан науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін мейіргерлер де оқытылуда.

    Ұлжан НАУШАБАЕВА.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.