Түркістан облыстық ІІД басшысы тағайындалды, — деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. Министрдің бұйрығымен полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков Түркістан облыстық ІІД басшысы болып тағайындалды.
Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков 1963 жылы 1 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында ракеталық бөлімде әскери борышын өтеген. 1985 жылы Қарағанды қаласындағы Ішкі Істер Министрлігінің жоғары мектебін бітіріп, 1989 жылы Шымкент облыстық атқару комитетінің ИЧ-167/1 мекемесінде шұғыл бөлімнің жедел уәкілі болған. 1994 жылы Мемлекеттік Тергеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының 3-бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі қызметін атқарған. Сондай-ақ, ол Мақтарал ауданы ІІБ бастығының бірінші орынбасары, Кентау қалалық ІІБ бастығы, 2009 жылы қаңтар – мамыр айларында ОҚО ІІД бастығының орынбасары, 2011-2013 жылдары ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары, 2013 жылдан бері Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті бастығының қызметін атқарып келді. 2017 жылдан бері ол Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментін басқарған.