Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Комби –строй-1» ЖСШ-нің директоры Әбішев Нұралы Әлімаханұлының туған күні.
Құрметті Нұралы Әлмаханұлы! Елімізге қызмет ету жолында, өзіңіздің адал еңбегіңіздің арқасында, облыста үлкен беделге ие болып жүрген азаматтардың бірісіз. Соның ішінде, сізді депутат етіп сеніп сайлаған Мақтарал ауданын газдандыру секілді көптеген әлеуметтік экономикалық мәселелердің дұрыс шешілуіне оң ықпал еткеніңізді ерекше атап өткізіміз келді. Бүгінде, Түркістан облысының халқы үшін әрмен қарай, еңбек ете беріңіз. Сіздің жеке қолдау танытқан игі істеріңізді Түркістандықтар әрқашанда жоғары бағалайды. Сізді бүгінгі төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ел –қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз. Өзіңізге табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!