Шымкентте су жаңа 30 автобус пайдалануға берілді. Астананың 20 жылдығына орай тарту етілген автобустардың таныстырылымына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бастаған депутаттар, әкімдік қызметкерлері қатысты. Алдағы уақытта мегаполиске тағы 300 автобус келеді деп күтілуде.
Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие. Уақыт өткен сайын шаһарда қоғамдық көліктердің қызметіне қойылар талап пен міндет салмағы арта түсуде. Осыған байланысты, күні кеше «Green Bus» компаниясының меншігіне жаңа дизайнмен сәнделген автобус келді. Енді ақ түстегі бұл көліктер қаланың орталығында қала жолаушыларына қызмет көрсетпек.
Жаңа қоғамдық көлік қойылған ережеге сай жасалған. Автобус 30 орындықты. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар мен ана мен балаға арналып жәй жасалған. Сондай-ақ, қоғамдық көлік бейнекамера және монитормен қамтылған.
Су жаңа көлікті көзбен көріп, жүргізуші орнында отырып, ыңғайлығын тексерген қала басшысы Әбдірахымов автопарктерді жаңарту жұмыстарын нықтап қолға алмақ. Бұл автобустар латынша Шымкент деген жазуымен ерекшеленген. Әкімдік қызметкерлері қала арасында қатынап жүрген шағын газельдерді алдағы уақытта істен шығармақ. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарына сапалы қызметті ұсынуға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.