Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент қаласының әкімі Астана күні мерекесімен құттықтады
    Жаңалықтар

    Шымкент қаласының әкімі Астана күні мерекесімен құттықтады

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.07.2018561 Views

                                Асқақтай бер, ару Астана!

    Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!

    Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді еліміздің мақтанышы — Астана қаласының 20 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Тарих үшін жиырма жыл қас-қағым ғана сәт. Ал, ғаламат өзгерістер өлшемімен салыстырсақ, бұл аз уақыт емес.

    Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық шешімі мен ерен еңбегінің нәтижесінде бүгінде Астана әлем таныған әсем қалаға айналды. Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы батыл қадамы стратегиялық, экономикалық және жалпыұлттық маңызға ие баламасыз бастама болды. Еліміздің елордасын ауыстыру арқылы біз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, геосаяси еркіндігін, территориясының мызғымастай беріктігін қамтамасыз еттік.

    Содан бергі өткен 20 жыл ішінде еліміздің бас қаласы – Астана төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны ақиқат. Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерін өмірге әкелетін орталық. Елордамызда ЕҚЫҰ саммиті, VII Қысқы Азия ойындары, Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің өтуі толық дәлел бола алады. Өткен жылы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуі Астананың әлемдік аренадағы абыройын асқақтата түсті.

    Астана – Сарыарқа төсіндегі XXI ғасыр ғажайыбы. Астана – Қазақстан тәуелсіздігінің тұғыры. Астана – Еуразия жүрегіндегі ару қала!

    Құрметті шымкенттіктер!

    Бүгінде Шымкент қаласы Елбасы Жарлығымен республикалық маңызы бар қала статусын алып, мегаполис атанды. Шымкент қаласын дамытудың жаңа дәуірі басталды. Шырайлы Шымшаһар Астанаға қарап бой түзейтін болады. Алдымызда жауапты міндеттер мен жоспарлар тұр. Шымкенттіктердің еңбекқорлығы мен жаңашылдығы арқасында біз осы міндеттердің бәрін еңсереміз деп ойлаймын. Осындай тарихи шешім қабылдаған Елбасыға Шымкент халқы атынан алғысымызды білдіреміз.

    Астананың 20 жылдығы құтты болсын! Отанымыздың жүрегі – Астана мәңгі жасай берсін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

    Ғабидолла Әбдірахымов,                                             

    Шымкент қаласының әкімі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.