Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Дастан Сартаев Бас әскери прокурор лауазымына тағайындалды
    Жаңалықтар

    Дастан Сартаев Бас әскери прокурор лауазымына тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.07.2018481 Views
    ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров ұжымға ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадиновты, сондай-ақ Бас әскери прокурор Дастан Шаймерденұлы Сартаевты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысының 2018 жылғы 3 шілдедегі өкімімен әділет генерал-лейтенанты Е.Мерзадинов Академия ректоры қызметіне тағайындалды. Е.Мерзадинов 1958 жылы туған. С.М. Киров атындағы ҚазМУ «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы қаласының прокуратура органдарынан бастады. Басшылық лауазымда, соның ішінде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы және Алматы, Астана қалаларының прокуроры болған. 2002 жылы Ішкі істер министрінің орынбасары, 2005 жылы — ҚР Бас прокурорының орынбасары қызметін атқарды. 2009 жылдың мамыр айынан бастап Бас әскери прокурор лауазымында жұмыс істеді. Заң ғылымдарының кандидаты. І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 35 жылдан асады, оның 33 жылы прокуратура органдарында. Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен 3 сыныпты әділет кеңесшісі Дастан Сартаев Бас әскери прокурор лауазымына тағайындалды. Дастан Шаймерденұлы 1959 жылы туған. С.Киров атындағы ҚазМУ «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы прокуратурасы органдарынан бастады. Аудан және қала прокуратураларына басшылық етті. Ақтөбе, Атырау және Павлодар облыстарының прокуратураларын басқарды. 2014 жылдан бастап Маңғыстау облысы прокуроры лауазымында болды. Заң ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған. Прокуратура органдарындағы 36 жыл еңбек еткен құрайды.www.inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.