Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Биыл Түркістан облысында 375 мың тонна астық жиналады
    Агро

    Биыл Түркістан облысында 375 мың тонна астық жиналады

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.07.2018392 Views

    Түркістан облысында биылғы жылы 375 мың тонна астық жиналады. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

    Хабарда айтылғандай, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бүгін Қазығұрт ауданындағы астық ору науқанымен танысты. Аймақ басшысы дәнді-дақыл егумен айналысатын «Айқожа» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысу барысында астықты төкпей-шашпай жинап алу басты міндет болып тұрғанын атап өтті.

    «Биылғы жылы жалпы облыста 233 мың гектардан астам жерге масақты дақылдар егілген. Оның 191 мың гектары бидай болса, 42,5 мың гектары арпа. Бүгінде облыста осы алқаптардан 26,5 мың тонна арпа мен бидай жиналып отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының алдын-ала жасаған болжамдық есебі бойынша егілген дәнді дақылдардың әр гектарынан 16 центнерден, яғни 374 мың тонна өнім жинау күтілуде. Сондықтанда мол жиналған астықтан шаруалар тиісті қаражатын табуы үшін астықты сақтау, дер кезінде экспортқа шығару қажет»,-деді Ж.Түймебаев.

    1998 жылы құрылған қожалықтың меншігінде 2500 гектар егістік жер бар. 16 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған кооперативте егістікке арналған техниканың барлық түрі бар. Аталған ұжым өткен жылы 76 млн. теңгенің өнімін өндірген. Мәселен, өткен жылы 2700 тонна бидай өнімін, 320 тонна мақсары, 450 тонна арпа жинаған.

    Егінге алғашқы орақты қазығұрттық шаруалар салды. Аталған ауданда биыл 87 мың гектарға жуық жерге күздік және жаздық бидай мен арпа егілген.

    Айта кетейік, тауар өндірушілерге жеңілдетілген бағамен берілетін минералды тыңайтқыштың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5 мың тоннаға артып, 85 мың тоннаны құрады. Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 38 мың тонна жанар-жағар май толығымен тауар өндірушілерге босатылды. Ал астық оруға қажетті 900-ге жуық техника дайын тұр.

    Егін орағы науқанымен қатар, облыста мал азығын дайындау жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінгі күнге межеленген 3750 тоннаның 1590 тоннасы дайындалған.

    Дереккөз: ҚазТАГ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.