• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қараша 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шұғыл! Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

04.07.2018
0

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс өткен 33 сессиясында Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары мен әкім аппаратының басшысы тағайындалды.

2911Суретте: Еркеғали Амантайұлы

Анықтама:

Еркеғали Әлімқұлов — 1981 жылы 6 маусымда туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер, экономист, кеден қызметкері. Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің жетекші маманы болып бастады. 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің бөлім бастығы, Тауар нарықтарының мониторингі және талдау департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасының кеңесшісі, Төраға Хатшылығының меңгерушісі, Төрағаның орынбасары қызметтерін атқарды. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымында болды. 2016-2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы. 2017 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып Қайрат Нұртай тағайындалды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары қызметіне Гүлжан Құрманбекова, Нұрсадық Ергешов, Бауыржан Мамыталиев, Данат Жуминдер жайғасты.

0072-735x400суретте: Қайрат Нұртай

Анықтама:

Қайрат Нұртай — 08.2004-06.2005 − ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің кадрлық қамтамасыз ету департаментінің маманы, жетекші маманы. Астана қаласы

07.2005-03.2006  −  ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мұнай өнеркәсібі департаментінің жетекші маманы. Астана қаласы

04.2006-11.2007  −  ҚР Президенті Кеңсесінің аға сарапшысы. Астана қаласы

11.2007-02.2008  −  ҚР Президенті Кеңсесінің бас сарапшысы. Астана қаласы

03.2008-07.2013  −  ҚР Президенті Кеңсесінің консультанты. Астана қаласы

07.2013-03.2014  −  ҚР Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі («А» корпусы). Астана қаласы

03.2014-02.2015  − ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. Астана қаласы

02.2015 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарып келді.

36-006

Суретте: Гүлжан Құрманбекова

13.12.1982 ж.-07.06.1983 ж. —  Шәуілдір ауданы өндірістік жолаушылар көлік транспортының кассирі

05.08.1987 ж.-08.07.1992 ж. —  Қызылқұм аудандық қаржы бөлімінің кіріс есебінің бас тексеруші-инспектор

13.07.1992 ж.-14.01.2004 ж. —  Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық қаржы бөлімінің бас маман-бас экономист

14.01.2004 ж.-07.04.2004 ж. —  Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің бас маманы

07.04.2004 ж.-19.01.2005 ж. —  Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары

19.01.2005 ж.-10.09.2007 ж. —  Шымкент қаласының қаржы бөлім меңгерушісінің орынбасары

01.09.2007 ж.-02.02.2010 ж. — Шымкент қаласының қаржы бөлімінің бастығы

02.02.2010 ж.-10.05.2012 ж. —  Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің бастығы

05.2012 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.

 

zhumin

Суретте: Данат Жумин

Мемлекеттік қызмет туралы заңға және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешімімен қала әкімінің орынбасары болып Данат Жумин тағайындалды.

Данат Жумин Ресей, Украина және АҚШ елдерінде саяси коммуникация саласында тәжірибеден өткен. БҰҰ жанындағы Жас көшбасшылардың дүниежүзілік саммитінде Қазақстанды таныстырды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Маркетинг, жарнама, PR және IT саласындағы бірнеше табысты бизнестің негізін қалады. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі–хатшылықтың басшысы болған. Нью-Йорк кино өнері академиясында сахналық курсты бітірген.

Еңбек тәжірибесі: республикалық студенттік жастар ұйымының жетекшісі (2002-2007 жж), Мемлекеттік басқару саласы (2009-2011 жж), «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институты директорының орынбасары.

Мемлекеттік басқару реформасы жөніндегі Еуропалық комиссияның ұлттық сарапшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесі басшысының штаттан тыс кеңесшісі; Жарнама, маркетинг және PR саласындағы бизнес (2011-2013 жж); «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі-хатшылықтың басшысы (2013-2014 жж), Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі (02.09.2015 ж бастап), «Нұр Отан» партиясының саяси жұмыс департаментінің директоры.

mamtalievСуретте: Бауыржан Мамыталиев

Мемлекеттік қызмет туралы заңға және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешімімен қала әкімінің орынбасары болып Бауыржан Мамыталиев тағайындалды.

Бауыржан Жаймұрзынұлы МВА дәрежесіне ие, сондай-ақ экономика және заң маманы. Мемлекеттік органдарда, қаржы жүйесінде, ұлттық компания, ірі жекеменшік компанияларда жауапты қызметтерді атқарған. «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ төраға орынбасары, төраға қызметтерін атқарған.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін «Staier group» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, «Baikadam-Holding» компаниясының бақлыау кеңесі тобының мүшесі қызметтерін атқарды

ergeshbeklСуретте: Нұрсадық Ергешбекұлы

Мемлекеттік қызмет туралы заңға және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешімімен қала әкімінің орынбасары болып Нұрсадық Ергешбек тағайындалды.

Нұрсадық Ергешбекұлы еңбек жолын 1993 жылы «Дамет» сақтандыру қоры филиалының директоры болудан басталған. 1998 жылы — «Энергоснабгрупп-2030» ЖШС бас директоры, 2003 жылы — «Түркістан энерго» ААҚ директорының орынбасары, 2004 жылы — «3-Энергоорталық» АҚ директорының орынбасары, 2005 – «Центра Азия Цемент» ЖШС директоры, 2014 жылы — «Корпорация Евразия» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы болып істеді.

Ал 2017 жылдан бүгінгі таңға дейін «Қуатжылуорталық» МКК директоры болып қызмет атқарған.

Нұрсадық Ергешбекұлы еңбек жолын 1993 жылы «Дамет» сақтандыру қоры филиалының директоры болудан басталған. 1998 жылы — «Энергоснабгрупп-2030» ЖШС бас директоры, 2003 жылы — «Түркістан энерго» ААҚ директорының орынбасары, 2004 жылы — «3-Энергоорталық» АҚ директорының орынбасары, 2005 – «Центра Азия Цемент» ЖШС директоры, 2014 жылы — «Корпорация Евразия» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы болып істеді.

Ал 2017 жылдан бүгінгі таңға дейін «Қуатжылуорталық» МКК директоры болып қызмет атқарған.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.