• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде болатын 10 өзгеріс

01.07.2018
0

1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрғындардың өмірін өзгертетін біршама жаңашылдық күшіне енеді. Sputnik Қазақстан тілшісі санаулы күндерден кейін енетін өзгерістерге шолу жасады.

1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны төлеу тәртібі өзгереді. Бұдан былай базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады. Егер бүгінде барлық зейнеткерге базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% мөлшерінде немесе 15 274 теңге төленсе, онда 1 шілдеден бастап оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты артады.

Еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем, не мүлдем жоқ азаматтарға базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% шамасында белгіленеді. Яғни 15 274 теңге. Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, әр жыл үшін 2 процент үстеме қосылады. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан да көп азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ы немесе 28 284 теңге төленеді. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі мен 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі есепке алынады.

Биыл республикалық бюджеттен базалық зейнетақыға 530 миллиард теңге қарастырылған.

Жаңа мемлекеттік жәрдемақы

Биыл Қазақстан президенті халыққа Жолдауында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырған болатын.

Қосымша жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алатын болады. Жәрдемақы көлемі биыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды.

Бұл мақсатқа осы жылы 2,7 миллиард теңге көзделген.

Пациенттердің амбулаторлық картасы жойылады

Қазір республиканың сегіз өңірі ауруханаларда қағазбастылықты жою мақсатында пилотты режимде электронды жүйеге көшкен. 1 шілдеден бастап «қағазсыз аурухана» жобасына бүкіл Қазақстан қосылмақ.

«1 шілдеден бастап қалған өңірлер, Алматы мен Астананы қоса алғанда, пациенттердің жазбасын толығымен электронды форматта жүргізеді. Яғни, пилоттық жоба аясында амбулаторлық карталар жойылады», — деген еді  денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.

Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін, яғни тегін медициналық көмек көлемін орындайтын 900-ден аса медициналық ұйым бар. Олардың 35%-і – жекеменшік, қалғаны – мемлекеттік.

e-Паспорт пен e-Виза

1 шілдеден бастап Қазақстанда автокөліктердің электронды паспорты енгізіледі.

Электронды паспортта темір тұлпардың зауыттан шыққан күнінен бастап, бұзылғаны, тіпті апатқа түскені туралы барлық «өмірбаяны» жазылады. Бұл ақпараттың бұрмалануына жол бермей, мұндай құжаттарды қолдан жасауға тосқауыл болады. Болашақта мінілген көлікті сатып алғысы келген адам арнайы порталдан оның «өмір тарихымен» таныса алады. Мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай базасында сақталады.

e-паспортқа көшу ЕАЭО-да құжаттарды рәсімдеу процесін оңтайландырып, бизнестің операциялық шығындарын төмендетпек.

«Электронды техпаспортқа кезең-кезеңмен көшеміз. Паспорт ЕАЭО елдерінің барлығына бірдей болады», —деген еді Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының өкілдері.

Әу баста ЕАЭО-ға мүше елдер көліктердің электронды паспортына 2017 жылдың 1шілдесінде көшпекші болған. Алайда техникалық түйткілдерге байланысты жаңашылдық бір жылға кейінге қалдырылды.

Шілденің бірінші күнінен іске қосылатын дүниелердің бірі – электронды виза. Қазақстанға келгісі келетін шетелдік қонақтарға е-визаны алу үшін консулдық бөлімдерге бару міндет емес. Шетел азаматы электронды портал арқылы Қазақстанның көші-қон қызметіне жүгіне алады. Өзінің жеке мәліметтерін, елге келу мақсаты мен болу мерзімін, қаржылық мүмкіндіктерін онлайн көрсетуге мүмкіндік бар.

Кейін шетел азаматының мәліметтері деректер базасы бойынша тексеріледі. Егер ешқандай шектеулер болмаса, онда әлгі азаматтың атына е-виза рәсімделеді. Сонымен қатар мәдениет министрлігі тарапынан шетелдіктер үшін «е-қонақ үй» қызметін енгізу жоспарланып отыр: шетелдік қонақ үйге орналасқан кезде автоматты түрде порталға тіркеледі.

Темекі тағы қымбаттайды

Былтыр қыркүйекте ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметінің №587 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 «Сүзгімен, сүзгісіз және папирос сигареттерінің ең төменгі бөлшек бағаларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын бекіткен болатын.

Осы құжатқа сәйкес, Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы мынадай: 2018 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін – 340 теңге, 2018 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін – 360 теңге; 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 380 теңгені құрайды.

Айта кетсек, бұған дейін бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 320 теңге болған еді.

Жәбірленушілерге өтемақы қорына ақша түсе бастайды

Қазақстанда қылмыстардан зардап шеккен тұлғаларға бір реттік материалдық көмек көрсету үшін жәбірленушілерге өтемақы қоры құрылған болатын. ҚР президенті тиісті заңға осы жылдың қаңтарында қол қойды.

 

Жәбірленушілер үш санат бойынша қарастырылады. Олар: кәмелетке толмай жатып зорлық-зомбылық құрбаны болғандар, адам саудасына түскендер, денсаулығына ауыр зиян келгендер және иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар (ВИЧ/СПИД). Сондай-ақ, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, өтемақы оның туыстарына төленеді.

Қорға бес көзден ақша түседі: сотпен өндірілетін мәжбүрлі төлемдер; процессуалды міндеттерді орындамағаны үшін сот шешімімен өндірілетін ақша; түзеу жұмыстары бойынша түсімдер; кері талап қою тәртібінде өндірілетін ақша; ҚР заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздер.

Қаржы министрлігінің есептеуінше, жылына аталған қорға шамамен бір миллиард теңге жиналады.

Ал жәбірленушілерге өтемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлене бастайды.

Жылу тарифі төмендейді

1 шілдеден бастап Астанада жылу тарифі шамамен 5%-ке төмендейді.

1 қаңтардан бекітілген тариф ГКал үшін 1777,14 теңгені, ал өтемдік тариф 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін 1695,24 теңгені құрады. Тариф 4,6 процентке төмендеген. 2019 жылы тарифтер 4,8%-ке төмендетілмек.

Жаңа тариф 1 шілдеден бастап бір жыл мерзімге күшіне енеді.

Депозиттер бойынша жылдық жоғары сыйақы мөлшері өзгереді

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12%-ға дейін төмендейді.

 

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ директорлар кеңесі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерге ұсынатын теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесін қайта қарап шықты.

Сонымен, 1 шілдеден бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жаңадан тартылған депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12%-ға дейін төмендетіледі. Ал, жеке тұлғалардың жаңадан тартылған шетел валютасындағы депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі сол деңгейде сақталады (1%).

Депозит нарығының конъюнктурасы күрт өзгерген жағдайда, бұл мөлшерлемелерді Директорлар кеңесі және (немесе) «ҚДКБҚ» АҚ-ның жалғыз акционері – ҚР Ұлттық банкі қайта қарауы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі

1 шілдеден бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Түзетулер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жеңілдету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында енгізілген.

sputniknews.kz

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.