• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда ашық аспан астында сақ мәдениетінің мұражайы құрылады

30.06.2018
0

Алматыда ашық аспан астында Сак мәдениетінің мұражайы құрылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматы әкімдігі мен екінші деңгейлі бір банк арасында Розыбакиев-Штраус-Ескараев-Радостовец көшелері қиылысындағы 2,7 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі келісімге қолжеткізілді.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында сақ қорғаны орналасқан аумақта жаңа мәдени орталық құру жоспарланған. Ашық аспан астындағы музей келушілерді Қазақстан жерін мекендеген ертедегі көшпенділердің бай тарихымен таныстырып, қаланың жаңа туристік көрнекі орнына айналады.

Жоба барысында біздің эрамызға дейінгі V ғасырда пайда болған жартылай қираған қорғанды, тас қоршауларды, оның жоғары жағындағы сақиналарды қалпына келтіру жоспарланған. Архитектуралық ескерткіштің іш жағында сақталған артефактары бар бөлмелер, ертедегі көшпенділердің тарихы мен мәдениетін паш ететін географиялық кино көрсететін аудиовизуалды залдар болады.

Еске салсақ, бұрын Алматы әкімдігінде ел Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға орай кеңес өтіп, онда Розыбакиев көшесі бойындағы «Мега» сауда орталығы маңынан табылған сақ ескерткішінің орнына ашық аспан астындағы музей салу жөнінде ұсыныс айтылған еді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл ұсынысты қолдап, жерді мемлекет меншігіне қайтарудың механизмін ойластыруды тапсырған болатын.

«Мен жерді меншіктеген жандар өз тарихымызды біледі және құрметтейді деп ойлаймын. Біз кейде тарихымыздың жойылып бара жатқанын да байқаймыз, ал бұл орны толмас рухани, мәдени және экономикалық зиян шектіреді. Әрине, асфальт төсеп, бірдеңені орнатуға болады, бірақ қалаға қайтарса, пайда зор болатыны анық», – деп еді сонда Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, күні кеше ғана белгілі болғанындай, «TURKUAZ GROUP OF COMPANIES» компаниясы өз еркімен «Южный» саябағында тұрғын үй кешенін салатын жер учаскесін мемлекет пайдасына қайтарды.

Бұрын әкімдіктің қаулысымен Қазақстанның «Атакент» іскерлік орталығымен 23 гектар жерді уақытша жалға беру келісімінің күші жойылды. Кейін басқарушы компания жеке меншіктегі тағы да сегіз гектар жерді тегін қайтару жөнінде міндеттеме қабылдады.

Алматыда осы апта ішінде қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылған Баум бағын абаттандыру басталды. Жүргізілген мониторинг барысында 2,5 гектар жерді өз беттерінше басып алғандар анықталды. Мегаполис басшысы заңға сүйене отырып, басып алған бауды қайтаруды және жасылдандыру жүргізуді тапсырды.

Бұлардан өзге, Алматы әкімдігі қала ипподромы мен «Сайран»автовокзалын тарихи-мәдени мұраның алдын-ала жасалған тізіміне енгізді. Осы сәттен бастап ғимараттың сыртқы келбетін өзгертуге, ішін қайта жоспарлауға, мақсатты пайдаланылуын ауыстыруға, қорғалатын аймақты бұзуға тыйым салынады. Ғимаратты жаңарту және жөндеу жұмыстарының барлығы өкілетті органның келісімімен ғана жасалады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.