Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Назарбаев медицинадағы роботтандырылған хирургия жүйелерінің тиімділігіне тоқталды
    Денсаулық

    Назарбаев медицинадағы роботтандырылған хирургия жүйелерінің тиімділігіне тоқталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.06.2018240 Views

    Қазақстан Президенті «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Роботтандырылған хирургия орталығына барды», деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.

    skemen-auruhana

    «Қазақстан Президенті «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Роботтандырылған хирургия орталығына барды. Орталықты аралау барысында Мемлекет басшысына заманауи операциялық-цифрлық кешеннің жұмысы мен оның даму перспективалары жөнінде баяндалды», — делінген бейсеебіде Ақорда сайтында жарияланған хабарда.

    Сонымен қатар, Қазақстан Президенті телекөпір режімінде облыстың Аягөз және Зырян аудандарындағы инсульттік орталықтардың ұжымдарымен әңгімелесті.

    Елбасы шалғай елді мекендерде медициналық орталықтар салу мақсатымен мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

    Н.Назарбаев Мемлекет басшысы жүрек-қан тамыры ауруларын емдеу сапасын жақсартудың және бала мен ана өлімінің алдын алудың маңыздылығын атап өтті.

    semen-auruhana

    «Қазақстанның әрбір облысында жүрек-қан тамыры ауруларынан қайтыс болатындардың санын азайту мақсатымен жүрекке ота жасайтын медициналық орталықтар салынды. Қазіргі уақытта өлім-жітім көрсеткішін төмендете алдық», — деді мемлекет басшысы.

    Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев саламатты өмір салтын насихаттау арқылы түрлі аурулардың алдын алу қажеттігін айтты.

    «Біздің денсаулығымыздың 10-15 пайызы ғана дәрігерлер мен медицинаға, қалғаны өзіміздің өмір сүру салтымызға байланысты. Болашақ нәрестенің денсаулығы ананың денсаулығына байланысты екенін түсіндіру қажет», — деп атап өтті Қазақстан президенті.

    Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы роботтандырылған хирургия жүйелерінің тиімділігіне тоқталды.

    Осыған орай Елбасы медицина саласындағы кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз етудің қажеттігін де атап өтті.

    Соңында Қазақстан Президенті орталықтың қызметкерлеріне және емделушілерге зор денсаулық пен табыс тіледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.