Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Еліміздің негізгі ұлттық мүдделерi
    Жаңалықтар

    Еліміздің негізгі ұлттық мүдделерi

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.06.2018729 Views

    Ұлттық қауіпсіздік мәселелері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңымен рәсімделген. Осы заңның 5-бабында Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделерi айқындалған.

    Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделерi:

    1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;

    2) заңдардың дәлме-дәл әрi бiркелкi орындалуы және құқықтық тәртiпті сақтау;

    3) елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау;

    4) қазақстандық отаншылдық және Қазақстан халқының бiрлiгi;

    5) қазақстандық қоғамның материалдық және рухани-имандылық құндылықтарын сақтау мен еселей түсу;

    6) денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің азаматтар мен қоғамның әл-ауқатын жақсарту қажеттіліктеріне лайықты деңгейі мен сапасына қол жеткізу және оны сақтап тұру;

    7) елдің білім және ғылым әлеуетінің қоғам мен азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, инновациялық және зияткерлік даму қажеттіліктеріне лайықты деңгейі мен сапасына қол жеткізу және оны сақтап тұру;

    8) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының, оның iшiнде елдің тәуелсіздігінің, бiртұтастығы мен президенттiк басқару нысанының, тұтастығының, мемлекеттiк шекарасына қол сұғылмаушылығының және аумағының бөлiнбестiгiнiң мызғымастығы;

    9) мемлекеттiк институттардың тұрақты жұмыс iстеуi, олардың қызметiнiң тиімдiлiгiн арттыру;

    10) Қазақстанның бүкiл халқының игiлiгi үшiн экономикалық даму;

    11) экономикалық қауіпсіздікті толық көлемде қамтамасыз ететін агроөнеркәсiптiк, отын-энергетика кешендері, көлік және өндірістік салалар, қаржы жүйесі субъектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi;

    12) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жауынгерлiк және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;

    13) Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін толық көлемде қамтамасыз ететін қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыруды қамтамасыз ету және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің отандық субъектілерін дамыту;

    14) бәсекеге қабілетті және қорғалған ұлттық ақпараттық кеңістікті қолдау және дамыту;

    15) қоршаған ортаның жай-күйін сақтау және жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;

    16) Қазақстан Республикасының даму басымдықтарына сай келетін халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйі;

    17) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының жағымды имиджі мен беделін нығайтуға бағытталған саяси бастамаларды ілгерілету;

    18) Қазақстан халқы мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстардың салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден бейбіт уақытта және соғыс уақытында қорғау болып табылады.

    Сонымен қатар аталған заңға сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi – іске асырылуынан мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын, қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық тұрғыдан танылған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерінің жиынтығы болып табылады.

    Дайындаған: Айдар Дидар

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.