Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»«Айғақ»: Шымкент қаласының білім саласына енгізілген жаңалықтар
    Білім

    «Айғақ»: Шымкент қаласының білім саласына енгізілген жаңалықтар

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.06.2018297 Views

    Бүгін өткен Шымкент қалалық маслихаттың сессиясында білім саласында атқарылған жұмыстар туралы қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың есебінде Шымкент қаласының білім саласына енгізілген жаңалықтар туралы мәлеметтерде талқыланды.

    Шымкент қаласының білім саласында инновациялық жаңа технологиялар бойынша төмендегі жұмыстар атқарылуда:

    Балаларды балабақшаға электронды қабылдау жүйесі;

    Балаларды 1-сыныпқа электронды қабылдау және мектепаралық ауыстыру жүйесі;

    Мұғалімдерді қабылдаудың электронды жүйесі «Thunter.kz»;

    Мектепішілік электронды бақылау жүйесі «I-mektep.kz»;

    «Оқушы төлқұжаты» электронды пилоттық жобасы.

    Балаларды балабақшаға электронды қабылдау жүйесі.

    Шымкент қаласы бойынша жалпы балабақша саны – 459, қамтылған бала саны – 69 764. Бүгінгі таңда, автоматтандырылған жүйе арқылы 30 683 бала электронды жолдама арқылы балабақшаларға орналасты.

    Жүйенің негізгі мақсаттары:

    — Кезек және топтағы бос орындар туралы мәліметтің ашықтығы;

    — E-gov.kz, ХҚКО және garden.shymkent.edu.kz эл.портал арқылы кезеке тұру;

    — Ата-аналардың СМС хабарлама түріндегі электронды жолдама (кезекке тіркелгендігі және жолдама алғандығы туралы) алуы.

    * Балаларды 1-сыныпқа электронды қабылдау және мектепаралық ауыстыру жүйесі.

    2017-2018 оқу жылына электронды жүйе бойынша қала мектептерінің 1-сыныбына 21 863 оқушы қабылданды.

    Жүйенің негізгі мақсаттары:

    — сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу;

    — ата-аналардың білім мекемелерін (білім сапасы, материалдық базасы және т.б. мәліметтерді сайттан көру) ашық портал арқылы таңдау мүмкіндігі;

    — мектепке баланы интернет желісі арқылы қабылдау.

    * Мұғалімдерді қабылдаудың электронды жүйесі «Thunter.kz».

    2017 жылдан бастап Шымкент қаласындағы білім беру мекемелеріне мұғалімдерді қабылдау кезінде ашықтық, әділдік қағидаларын насихаттау үшін конкурс негізінде іріктеу жүргізуге арнайы жүйе құрылды.

    Бүгінгі күнге дейін конкурстық жүйе бойынша 2 374 өтініш қабылданып, 831 конкурстық комиссия өткізіліп, 650 маман жұмысқа қабылданды.

    2017 жылы – мектеп мұғалімдерін қабылдау қосылды.

    2018 жылы – балабақша қызметкерлерін қабылдау қосылды.

    *  Мектепішілік электронды бақылау жүйесі «I-mektep.kz».

    Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында «I-mektep.kz» электронды мектеп журналы құқықбұзушылық көп орын алатын 40 мектепке орнатылды. Бұл қызметтің негізгі мақсаты:

    — мектеп әкімшілігі, ата-аналар және бақылаушы органдар үшін – оқушылардың сабаққа қатысуын онлайн түрде бақылау;

    — Мектеп – ата-ана – оқушы арасындағы байланысты нығайту;

    — Оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі мен тәртібінің көрсеткіштерін электронды түрде бақылау және сапасын арттыру.

    Нәтижесінде, аталған жүйе орнатылған мектептерде құқықбұзушылық көрсеткіші 90 пайызға, сабақтан себепсіз қалу 22 384-тен 2 189-ға төмендеп, білім сапасы 12 пайызға (41%-дан 53%-ға) жоғарылады.

    *  «Оқушы төлқұжаты» электронды пилоттық жобасы.

    Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша

    «Қайнар-бұлақ» тұрғын алабындағы №125 мектепте «Оқушы төлқұжаты» атты электронды пилоттық жобасы басталды.

    Жоба аясында мектепке турникеттер мен таным бейнекамералары орнатылып, карточкалық жүйеге ену арқылы білім мекемесіне кіру, шығу, түрлі төлемақыларды жүзеге асыру қызметін атқаратын болады. Нәтижесінде, оқушылар арасында әлімжеттілікке бару, ақша талап ету, бопсалау сынды келеңсіздіктерге жол берілмейді.

    Дайындаған:Айдар Дидар

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.