• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістанның бас жоспарына халықаралық конкурс ұйымдастырылады

28.06.2018
0

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин облыс орталығында Түркістан аймағын дамыту перспективалары туралы комиссияның алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Комиссия отырысына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары О.Оразалин, Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Ұлттық экономика вице-министрі А.Жұмағұлов, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Е.Нысанбаев, Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова, Ішкі істер министрінің орынбасары Е.Бисенқұлов, Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев, Инвестициялар және даму вице-министрі Қ.Өскенбаев, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары О.Әбішев, Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Е.Қожағапанов, Қаржы вице-министрі Қ.Баеділов, Мемл-екеттік қызмет істері¬ және сыбайлас жемқор¬лыққа қарсы іс-қимыл ¬агенттігі төрағасының орынбасары А.Шаймова, Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы М.Имандосов қатысты.

Елбасы Жарлығына сай облыс орталығын Түркістанға көшіру жұмыстарын жоспарға сай жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылғанын айтқан облыс әкімі Ж.Түймебаев аталған тапсырмаларды сәтті орындау үшін Үкімет деңгейінде шешуді қажет ететін бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.

«Түркістан қаласын ауыз сумен, газбен, жылумен, электр қуатымен қамту, сонымен қатар кәріз жүйесінің құрылысы жобалары мен Түркістан және Кентау қалаларында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын салу, инфрақұрылымын дамытуға және туризм индустриясына басымдық берілу қажет. Рухани қалаға зиярат ету үшін жылына 1 миллионнан астам адам келеді. Оның ішінде 160 мыңдайы шетелдіктер. Осы орайда, облыстың туристік потенциалын толық іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында, Түркістан қаласында халықаралық әуежай мен Түркістан-Шымкент, Түркістан-Ташкент жүрдек поездын ашу да маңызды. Жақын шетелдермен туристік байланысты нығайту үшін халықаралық автовокзал құрылысын қарастыруды да жөн деп санаймыз. Сонымен қатар 8-10 айда негізгі әкімдік ғимараттарын аяқтап, оған дейін мемлекеттік қызметкерлердің баспана жалдау жайын мемлекет есебінен шешу мәселесін ұсынамын. Қысқа мерзімде көпқабатты тұрғын үйлерді салуға еліміздегі ең ірі құрылыс компаниялары қызығушылық танытып отыр. Бүгінде көшіру шығындары мен қажетті ғимараттар мен баспана және өзге де мәселелер толығымен есептеліп отыр. Инфрақұрылымдық және транспорттық-логистикалық жүйелер зерттелді. Түркістан еліміздің батыс өңірлерін көкөніспен, азық-түлікпен қамтамасыз ететін орталыққа айналған. Енді бұл тиімді бағытта жаңа деңгейде дамытуды қолға алуды қарастырамыз. Себебі Түркістанда ауыл шаруашылығын дамытуға климаттық жағдай өте ыңғайлы. Елімізді, әсіресе батыс аймақтардың көкөніске деген сұранысын қамтамасыз ету үшін жұмыстар барынша күшейтілетін болады. Түркістан облысының жаңадан құрылуына байланысты осындай ерекшеліктерді қамтый отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін қайта қарастыруымыз қажет», — деді Ж.Түймебаев.

Көне шаһар Түркістанның облыс орталығы мәртебесін алуы үлкен жауапкершілік пен міндетті жүктеп отырғанын айтқан қала әкімі Ә.Өсербаев қаланың даму динамикасы мен логистикалық мүмкіндігін арттыру және инфрақұрылымын жетілдіру қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді.

«Бүгінде қала тұрғындарының 94 пайызы орталықтандырылған таза ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Алайда облыс орталығы болуына байланысты, қала халқының саны 250 мыңға дейін өскен жағдайда қажетті су көлемі тәулігіне 50 мың кубты құрайды. Келешекте қаланы толыққанды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жаңа су қоймалары салыну қажет. Бүгінгі таңда қала халқының 26,4 пайызы көгілдір отынмен қамтылған болса, тиісті қаржы бөлінген жағдайда 2019 жылдың соңында тұрғындарды толығымен газбен қамтылады. Ал қаламыздағы жалпы ұзындығы 23 шақырымды құрайтын басты көшелерінде кептелістер орын алуы мүмкін. Сондықтан да алдағы уақытта көшелердің енін 12-18 метрге дейін кеңейту қажеттілі туындауда. Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар «Батыс Европа-Батыс Қытай» дәлізі қаланың ортасынан өткендіктен қала тұрғындары мен қонақтарының жолда жүру қауіпсіздігін қамтасыз етуге кері әсерін тигізуде. Осы ретте, қала ішінде орналасқан 18 шақырым республикалық маңызы бар жолды қала сыртына көшіру қажет», — идеді Ә.Өсербаев.

Отырыста сөз алған ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қ.Өскенбаев Түркістан қаласын дамыту бойынша жасалынатын жаңа бас жоспарды 2 кезең бойынша жүзеге асыруды ұсынды.

«Бірінші кезеңде түркі әлемінің мәдени рухани орталығы және Түркістан облысының орталығы ретінде Түркістан қаласының бас жоспары тұжырымдамасын үздік нұсқасына халықаралық конкурс ұйымдастырылатынын болады. Сондай-ақ, Астана қаласының салу тәжірибесін ескере отырып, қаланың тұжырымдамасын техникалық тапсырмасы мен бас жоспарын әзірлеу үшін Астана бас жоспарын тартуды немесе Түркістан қаласында филиалын құруды ұсынамын. Екінші кезеңде қабылданған 2050 жылға дейінгі тұжырымдаманы ескере отырып қаланы дамытудың егжей-тегжейлі ұсыныстары қамтылған бас жоспарды әзірлеуге кірісу. Бас жоспарды сәтті әзірлеу үшін облыс орталығы ретінде Түркістан қаласын дамытудың жол картасын әзірленген жобасына сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдардың белсенді қатысуы қажет», — деді Қ.Өскенбаев.

Түркістан қаласының дамуы бойынша кешенді шаралар қабылдау міндеті тұрғанын айтқан ҚР ұлттық экономика вице-министрі А.Жұмағұлов жалпы экономикалық көрсеткіштер бойынша облысты қайта қарау керек екеніне тоқталды.

Оның айтуынша, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім бойынша бүгінгі күндегі көрсеткіш 1 млн теңгенің төңірегінде екен. Бұл көрсеткіш Республика бойынша ең төменгі көрсеткіш деп айтсақ болады. Сол себепті жалпы экономика бойынша кешенді жұмыстар қарқынды жүру керек екені көрсетіліп отыр.

Жиынды қорытындылаған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жоғарыда баяндамашылардың көтерген мәселелері назарға алынатынын айтып, Елбасы тапсырмасын тиісті деңгейде орындау үшін бар күш-жігерді салуды тапсырды. Сонымен қоса тиісті жоспар жасап, ұсыныс енгізуді сала жетекшілеріне жүктеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.