Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Саясат»Аманияз Ержанов ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
    Саясат

    Аманияз Ержанов ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.06.2018Updated:15.06.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Үкіметінің қаулысымен Аманияз Қасымұлы Ержанов ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz.

    Аманияз Ержанов 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1982 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, 1987 жылы —  БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін, 2001 жылы — Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

    Еңбек жолын 1982 жылы Орал облысы Тайпақ ауданының Красноярский кеңшарының бас инженер-гидротехнигі қызметінен бастаған.

    Әр жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік кеден комитетінің департамент директоры, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының сектор меңгерушісі, Атырау облысы бойынша кеден басқармасының басшысы, ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

    2005–2006 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006–2007 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

    2007–2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы.

    2012 жылғы ақпан мен 2017 жылғы тамыз аралығында — ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың наурызына дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

    2017 жылғы наурыз айынан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    «AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

    15.06.2026

    «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНДА АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БАҒАСЫ ӨЗГЕРДІ

    28.07.2025

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

    25.06.2025
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.