Бүгін Түлкібас аудандық мәслихатының кезекті бірінші сессиясында халық қалаулылары бас қосты. Аудан әкімі Қайрат Абдуалиев қатысқан келелі жиында Майлыкент ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды. Аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен Келесбек Ешенқұлұлы Жартыбаев енді аталған ауылға жетекшілік жасайды. ОҚО Мәслихатының төртінші, бесінші шақырылымының депутаты болған Келесбек Ешенқұлұлы Түлкібас ауданының тумасы. 1957 жылы Түлкібас ауданы, Елтай ауылында туған. Жоғары білімді. Еңбек жолын Алғабас колхозында қарапайым жұмысшы болып бастап, 1991-1999 жылдары «Ақсу-Жабағылы» құс фабрикасында директордың орынбасары, 1999-2002 жылдары Жабағылы ауылдық, Түлкібас поселкелік округінің әкімі болып қызмет атқарған. 2002 жылдан бұл тағайындауға дейін «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының Түлкібас филиалының директоры болды. «Қазақстан газ құбырының 75 жылдығы» медалімен, Газ шаруашылығындағы жетістіктері үшін «Алтын сапа Қыран» белгісімен марапатталған. «Ұлт Даңқы» орденінің иегері, Түлкібас ауданының «Құрметті азаматы» ОҚО-ның өсіп-өркендеуінде жемісті еңбек еткен ел ағасына алдағы қызметіне сәттілік тілейміз!
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫ САРАЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық көрсеткіші 12 пайызды құрады. Екі индустриалдық аймақ ашылып, 293 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 80 мың...