Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркістанда Б.Саттархановты еске алуға арналған Халықаралық турнир өтуде
    Жаңалықтар

    Түркістанда Б.Саттархановты еске алуға арналған Халықаралық турнир өтуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.04.2016599 Views

    Түркістанда Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы ХV Халықаралық турнир жалауын көтерді. Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан дүбірлі додаға Ресей, Қытай, Израйл, Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сынды елдерден келген 154 боксшы бақтарын сынауда. Айта кетерлігі, турнирде бұрымды қыздар да бақ сынауда. Халықаралық турнирдің ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков, Сидней Олимпиадасының чемпионы Е.Ыбырайымов, Б.Саттарханов атындағы спорт мектебінің директоры Б.Қырықбаев, Бекзаттың әкесі С.Саттарханов пен анасы Сырлан апай қатысып, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.
    «Биыл он бесінші рет байрағы көтеріліп отырған бұл халықаралық турнир үлкен нәтижеге жетуде. Еліміз боксында қандайда бір толағай табыстар болып жатса, оған аталған турнирдің қосқан үлесі мол деп білемін. Осы турнирден түлеген спортшылар арасынан Бекзаттай дара ұлдар шығады деп есептеймін»,- деді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков. Сондай-ақ ол осы турнирдің беделін арттыруда Е.Ыбырайымов, О.Оразалинов, Б.Қырықбаев сынды спорт қайраткерлерінің арнайы келуі жастарға жалынды жігер беретіндігін жеткізді. Түркістан қаласы әкімінің атынан Бекзаттың ата-анасына сый құрмет те осы ретте көрсетілді.
    12898259_1716344571959024_7824975447335274842_o«Бұл дүбірлі дода еліміздегі жастар арасындағы ең ірі турнирлердің бірі болып отыр. Әлемдік додаларға жолдама беретін сайыс сынды бұл жарыста осы турнирден болашақ олимпиада чемпиондары шығады деп ойлаймын»,- деді ашылу салтанатында сөз алған Б.Саттарханов атындағы спорт мектебінің директоры Б.Қырықбаев. Ал, Олимпиада чемпионы Е.Ыбырайымов облыстың спорт саласындағы басшылығына алғысын білдіре келе, аталған турнирден даңқты боксшылар Б.Артаев пен Г.Головкин қанаттарын қатайтса, оған жуырда ғана Олимпиада лицензиясын алған А.Жүсіповтің де қосылғанын назардан тыс қалдырмады.12891132_1716344725292342_1186524293559845202_oЖиылған жұртқа өз лебіздерін білдірген Бекзаттың әкесі Сейілхан ақсақал жас жеткіншектерге Бекзаттың жолын тілесе, анасы Сырлан апа Бекзат халықтың ұлы болып қала беретінін айтты. Халықаралық дәрежедегі AIBA төрешісі Амангелді Макамалин бас қазы болып белгіленген Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы ХV халықаралық турнир Бекзаттың туған күні сәуірдің төртінде өз мәресіне жетпек.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.