Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте халықаралық инвестициялық форум өтпек
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте халықаралық инвестициялық форум өтпек

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.03.2016254 Views

    Бұл туралы бейсенбі күні ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев хабарлады. Оңтүстік Қазақстан облысын шетелге танытуды дамытып, өңірге шетел инвестициясын тарту мақсатында ұйымдастырылатын «Ontustik Invest — 2016» форумы осы жылдың 28-29 сәуірі күндері «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде өтпек. Халықаралық жиын кезінде шетелдік қатысушылар еліміздің, оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысының инвест мүмкіндіктерімен танысып, өңіріміздің экономикадағы басым бағыттары – ауыл шаруашылығы, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, фармацевтика салалары аясындағы маңызды мәселелерді талқылайды. Осылайша, күнгейде екі күн бойы өтетін форум екі жақты әріптестік орнату мен іскерлік байланысты нығайтуда шетелдік инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлердің, мемлекеттік орган өкілдері мен ұлттық компаниялардың іскерлік алаңына айналады. «Ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика салалары біздің өңір үшін маңызды тақырып. Себебі, бұл салалар басқа өңірлермен, елдермен салыстырғанда біздің аймақта жақсы дамыған. Сондықтан, өңірге шетелдік инвесторлардың қызығушылық танытуы заңдылық. Мәселен, көршілес Қытай мемлекетінде біздегі органикалық таза, сапалы тағамдар жоғары сұранысқа ие. Ондағы баға ұсынысы да біздің кәсіпкерлердің көңілінен шығады. Бүгінде келіссөздер жүргізілуде. Міне, осындай жан-жақты жұмыстардың арқасында облыс шаруалары өнімдерін экспорттауға мүмкіндік алады. Сол себепті, бұл форумның ОҚО үшін маңызы зор», — деді облыс әкімінің орынбасары. Айта кету керек, инвестициялық форумға шетелдік компаниялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар, бизнес-қауымдастықтар, орталық және жергілікті орган қызметкерлері мен ұлттық компаниялар, даму институттарының мамандары, жалпы саны 500-ден астам өкіл қатысады деп күтілуде. Дәл бүгінгі жағдай бойынша 12 мемлекеттен 300-ге жуық делегаттың келетіні анықталған. Екі күндік форумның бірінші күні шетелдік кәсіпкерлер облыстағы индустриалды аймақтарды аралап, меморандумдар түзсе, екінші күні негізгі форум жұмысына кірісетін болады. Ал форумның күнделікті жаңалықтарын ontustikinvest.kz сайты арқылы алып отыруға болады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.