Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте еңбекші жастарға арналған жатақхана бой көтереді
    Жаңалықтар

    Шымкентте еңбекші жастарға арналған жатақхана бой көтереді

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.03.2016162 Views

    Шымкентте еңбекші жастарға арналған жатақхана бой көтереді.  Еңбек етіп, табыс табамын деген жалынды жастар мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмысқа орналасып, жатақханамен қамтылуға мүмкіндігі бар. Ал еңбек күші жетіспейтін Солтүстік Қазақстан облысы оңтүстіктен барған 300 отбасыны баспанамен қамтамасыз етіп, тұрақты жұмыс  орнына орналастыруға дайын. Бұл туралы ОҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.Елімізде«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына ұлттық қордан 63 млрд. теңге бөлінсе, Оңтүстіктің үлесіне барлығы 14,3 млрд. теңге бұйырып отыр. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы екі қолына бір күрек іздеген азаматтарға барлық мүмкіндік жасалған. Ең бастысы білікті мамандардың жұмыс орнын сақтап қалуына іс-шаралар жасалуда. Яғни, кадрлардың жұмыс уақыты мен еңбекақысы қысқарған жағдайда үштен екі мөлшерінде уақытша субсидияларға 17,3 млрд. теңге бөлініп отыр. Айта кетейік, 2015 жылы 613 адам қысқартуға ұшыраса, жыл басталғалы 75 еңбеккер жұмыссыздар қатарын толықтырған. Оңтүстіктегі еңбекші жастарға арналған 297 орындық жатақханаға қазына қаржысынан 377 млн. теңге бөлінді. Нысан ендігі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аталған жатақханаға техника мамандығының иесі және индустриялды аймақта жұмыс істеуге ниетті жастар ғана келіп қоныстана алады. Облыс орталығына шалғайдан келіп жұмыс жасайтын жастар үшін бұл тиімді бастама. Басқарма басшысының айтуынша, биыл облыста мемлекеттік салалық бағдарламалар шеңберінде 47 684 жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарлануда. Құрылатын жаңа жұмыс орындарының 4320 – «Нұрлы жол» бағдарламасы, 600-ге жуық орын «Индустриалды-инновациялық даму» бойынша, 210 орын «Агробизнес 2020 жол картасы», 16 мыңға жуығы мемлекеттік салалық бағадарламалар аясында, 4 мыңнан астамы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», ал 22 152 орын «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде құрылмақ. Ал облыста жыл басынан бері 11 мыңнан астам азаматпен әлеуметтік контракт түзілген. Оның 4508-і тұрақты жұмыспен қамтылса, 4165 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 2409 жастар практикасына, 141 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданған.

    Еңлік Заманхан

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.