Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қ.Әбдірахманов Түркия президенті Р.Т.Ердоғанмен кездесті
    Жаңалықтар

    Қ.Әбдірахманов Түркия президенті Р.Т.Ердоғанмен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркияға жасаған ресми сапары барысында осы елдің мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанның қабылдауында болды. Екіжақты кездесуде сыртқы істер ведомство жетекшісі Түркия президентіне Елбасының сәлемі мен игі тілектерін жеткізді. Өз сөзінде Тайып Ердоған Қазақстан көшбасшысының алдағы уақытта түрік еліне жоспарланған сапары аясында бірқатар экономикалық келісімшартқа қол қойылатынын атап өтті. Тараптар көлік, ауылшаруашылығы, кіші және орта бизнес пен туризм салаларында ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге ниет танытып отыр. Басқосуда халықаралық және аймақтағы өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Қос мемлекет Шам еліндегі шиеленісті шешуде Астана процесінің рөлін бірауыздан жоғары бағалайтынын айтып, бұл бағыттағы келелі келіссөз жалғаса береді деп сендірді. Сондай-ақ Қайрат Әбдірахманов Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің төрағасы Исмайыл Кахраманмен де кездесті. Отырыста тараптар парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Сыртқы істер министрі Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануына және еліміздің халықаралық бастамаларына қолдау білдіргені үшін түрік үкіметі мен мәжіліс төрағасына алғысын білдірді.
    Дереккөз: 24.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.