Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында бағзыдан жеткен бабалар мұрасы құнды дүниелерімізді дүйім жұртқа насихаттау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы мен ОҚО, Тарихи-мәдени этнографиялық орталығы бірелесе «Ырысы тасыған ыдыстар» тақырыбындағы көрменің тұсау кесері болды. Көрме экспозициясына қорық-мұражай қорынан 40-қа жуық археологиялық, этнографиялық көзтартар жәдігерлер қойылды. Көрменің ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған қала әкімдігі, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Бөкебаев мырза мәні мен маңызы зор мәдени шаралар екі мекеме арасында әлі де жалғасын табатындығына сенім білдіріп, жиналған жұртты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы директорының кеңесшісі Ә.Манапов мырза экспозицяға қойылған әр жәдігерге талдау жасап, тарихи маңыздылығына баса назар аударды. Әсіресе қазақ халқы үшін қазанның орны бөлек екендігіне айрықша тоқталып, биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай еліміздің түкпір-түкпірінде 25 көрме өткіземіз деген жоспарын атап өтті. Көрменің ашылуына қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері, Дарын колледжінің студенттері мен оқытушылары және қала қонақтары қатысты. Көрме қала қонақтары мен тұрғындарына бір ай бойы қызмет көрсетеді.
ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...