• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Облыс имамы А.Керімбек Астана және Қазақстан митрополитімен кездесті

16.02.2016
0

Орыс православ шіркеуінің Шымкент епархиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай, Оңтүстік өңіріне Қазақстан Республикасындағы орыс православ шіркеуінің митрополиттік округының басшысы – Астана және Қазақстан митрополиті Александр іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Оңтүстік Қазақстан облысы өкілдігінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Керімбек Ахметжан Пірәліұлының кездесуі өтті. Тәуелсіздігіміздің 25 жыл ішінде Қазақстанда көптеген мешіттер мен храмдар қалпына келтіріліп, тұрғындардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда. Аталған бағытта ҚМДБ мен Орыс православ Шіркеуі бірлесе жұмыстар атқарып, бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді орнатуға, рухани құндылықтардың дамуына, бірлік пен діни тұрақтылықты нығайтуға өз үлестерін қосып келеді. Бүгінгі таңда облысымызда 11 конфессияға енетін 853 діни бірлестік пен олардың филиалдары жұмыс істейді. Соның ішінде, православтық бағытта 18 діни бірлестік болса, исламдық бағытта 790 мешіт бар. Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы орыс православ шіркеуінің митрополиттік округының басшысы – Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек арасында әңгіме-сұхбат жүргізіліп, облыс аумағындағы конфессияаралық жұмыстар жөнінде өзара пікір алмасылып, облыстағы этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық сақтау мәселелері, діни бірлестіктердің татулық пен келісімді нығайтудағы рөлі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Керімбек Ахметжан Пірәліұлына 25 жылдың бірлескен жемісті жұмыстары үшін шынайы алғысын білдіріп, конфессияаралық өзара үйлесімділік пен төзімділікті қамтамасыз етуде табыстар тіледі. Кездесу соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Керімбек Ахметжан Пірәліұлы Астана және Қазақстан митрополиті Александрге естелік сыйлық тапсырды

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Отандық брендтерді бір алаңға тоғыстырған «Terra Fashion» жобасы биыл бесінші маусымын өткізді. Бұған дейін жабық ғимараттарда ұйымдастырылып келген жәрмеңке бұл...

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.