Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ерлан Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалды.
Ерлан Кенжеғалиұлы 1966 жылы ақпанның 1-күні туған. 1990 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылы АҚШ-тың Миннесота штатындағы университетті қолданбалы экономика мамандығы бойынша аяқтаған. Ғылыми дәрежесі – магистр. Ерлан Кенжеғалиұлы қызмет жолын 1990 жылы бастап, әртүрлі лауазымда қызметтер атқарған. Олардың қатарында ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі (2012-2013), Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі (2014-2015) сынды лауазымдар бар.