Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Серікжан Сейтжанов — №36 сайлау округінен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер
    Жаңалықтар

    Серікжан Сейтжанов — №36 сайлау округінен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.02.2016538 Views

    Сайлау атты саяси додаға дайындық мерзімі жақындаған сайын қыза түсуде. Мәслихаттар сайлауына байланысты Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «Нұр Отан» партиясы облыстағы барлық сайлау округы бойынша мәслихат депутаттығына үмтікерлерді анықтау үшін ақпанның 1-5 аралығында облыс бойынша праймериздер өткізілуде. Бұл жолы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына Сайрам аудандық №36 сайлау округы бойынша кандидаттар сынға түсті.07Көшбасшы партияның облыстық және Сайрам аудандық филиалы төрағаларының бірінші орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары олардан сайланған таңдаушылар, үміткерлер және үміткерлердің сенімді өкілдері қатысқан праймеризге 5 бастауыш партия ұйымынан 272 таңдаушы сайланған. Белгілі болғандай облыстық мәслихатына Сайрам аудандық №36 сайлау округының депутаттық мандатына 2 үміткер ұсынылыпты. Мұнда мәслихат депутаттығына ұсынуға үміткерлерді анықтау бойынша концепцияны жүзеге асырудың барлық негізгі принциптері сақталған. «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Оспанов ашып, жиналғандарға праймериздің өткізу нұсқаулығымен таныстырған соң, сөз әріптік тәртіппен үміткер Серікжан Сейтжановқа берілді. Мұнан соң өзінің сайлауалды бағдарламасымен жиналған көпшілікке екінші үміткер Перизат Шоқақов таныстырды.03Сайлауалды бағдарламаларын ортаға салып, сенімді өкілдері арқылы өмірбаяндарымен таныс болған көпшілік мұнан соң өз таңдауын жасауға сайлаудағыдай жарақтандырылған кабиналарда үміткерлердің есімдері енгізілген бюллетендерді алып жасырын дауыс берді.Баламалық, тең мүмкіндік, ашықтық және жауапкершілік прициптері сақталған жиынға келген халық өз таңдауларын жасады. 04Праймеризге қатысқан 265 таңдаушылардың дауыс беру қорытындысы бойынша Серікжан Сейтжанов 219 дауыс жинап айқын басымдылықпен көпшіліктің қолдауына ие болып Сайрам ауданы №36 сайлау округінен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер болып танылды.52

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.