Үстіміздегі жылдың 4 ақпаны күні Полиция пунктінің кезекші қызметінің басқару пультіне сағат 06.46-минутта Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, нөмірсіз үй мекенжайында орналасқан мұсылман моншасын от орағаны туралы хабар келіп түскен. Өртті сөндіруге «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамының 78 адамы және 19 техникасы, Медицина апаттар орталығының 3 дәрігері және 1 техникасы, Ішкі істер департаментінің жеке құрамында 9 қызметкері және 3 техникасы, энергетика қызметінің 2 маманы жұмылдырылды. Сағат 08.11-минутта өртті оқшаулап, сағат 08.29-минутта толық сөндірген. Алғаш рет квадрокоптерді іс жүзінде пайдаланылып, өрттің жалпы көлемі нақтыланды — 450 шаршы метрді құраған. Қайтыс болған және зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептерін Ішкі істер департаментінің мамандары анықтау жұмыстарын жүргізуде.
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....










