Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Алматы қаласында өткізген съезде партия атынан кезектен тыс Парламент сайлауына түсетін адамдардың тізімін бекітті. Жалпы саны 200-ге жуық делегат қатысқан съезд отырысында сайлауға партия атынан 27 кандидат қатысатын болып бірауыздан шешілді. Партия төрағасы Жармахан Тұяқбай бастаған тізім қатарында Зәуреш Батталова, Балташ Тұрсымбаев, Әмірбек Тоғысов, Петр Своик, Уәлихан Қайсар, Ермұрат Бәпи, Құрманғазы Рахметов, Бақытгүл Мәкімбай, Ғабиден Жәкей, Асхат Рақымжанов, Жанат Есентаев, Рахым Айыпұлы, Тазабек Сәмбетбай сияқты тұлғалар бар.
ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...










