Облыс тұрғындары 2020 жылға қарай түгелдей дерлік табиғи газ бен сапалы ауызсуды тұтынады деп жоспарлануда. Өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, инфрақұрылым мәселелерінің атқарылу барысы мен алдағы жоспары жайлы, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары брифинге баяндады. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасына сәйкес атқарылған жұмыстың барысында, өткен жылы су құбыры мүлдем жоқ 9 елдімекен сапалы тіршілік көзіне қол жеткізсе, 6 елдімекендегі тозығы жеткен су жүйелері жаңартылған. Нәтижесінде облыс тұрғындарының 85 пайызға жуығы ауызсумен қамтылып отыр. Ал көгілдір отынға қол жеткізген тұрғындардың көрсеткіші 57 пайыздан асқан. Бүгінде газдандыру жүйесінің жұмыстары оңтүстікте екі бағыт бойынша жүргізілуде. Ағымдағы жылы сондай-ақ, Шымкент, Түркістан қалаларында және Мақтарал, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас аудандарында 17 нысанның жұмысын аяқтап, 70 мыңнан аса тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады деп күтілуде. Ал жол саласындағы құрылыс жұмыстарына облыс бюджетінен 21 млрд. теңгеден аса қаржы жұмсалмақ көрінеді.
ЕЛІМІЗ 10 АЙДА 48,4 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКА ТАУАРЫН САТЫП АЛДЫ
Қазақстан электр энергетикасы тауарларын сатып алуда 42,6 пайыз импортқа тәуелді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мәлім етті. — Біздің...