2015-2016 жылдардағы эпидемиялық маусымда Оңтүстікте 36 адам маусымдық доңыз тұмауымен сырқаттанғаны белгілі болды. Ал тағы бір азамат А типті тұмауға шалдыққан. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне мәлімдеген ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Сапарғалиева бүгінде олардың барлығы да емделіп шыққанын жеткізді. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері аурудан сақтанудың негізгі жолы – алдын ала екпе салдыру дейді. Жалпы 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 450 мың адамға вакцинация жасалған. Ал егер жанұяда қандай да бір жаннан тұмаудың белгілері байқалса тез арада дәрігерге қаралуға кеңес береді. Мамандардың мәліметінше, бүгінгі таңда ОҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мен ОҚО денсаулық сақтау басқармасы және ОҚО білім басқармасының мамандары бірлесіп, емдеу мекемелері мен білім ошақтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, жиында 2015-2016 жылғы ЖРВИ/тұмау бойынша эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 4355 жағдайы тіркеліп, аурушаңдықтың 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,5 есеге төмендегені айтылды.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...