Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Үнемдеуді үйренуіміз керек
    Жаңалықтар

    Үнемдеуді үйренуіміз керек

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.01.2016257 Views

    Қазақстан жаһандық үдеріс шаңына жұтылып кетпей, тарих жылна­масынан өз орнын ой­ып тұрып алуы керек. Ол үшін жасайтын жұ­мыстар жеткілікті. Ең бастысы, елімізді тура жолдан адастырмайтын, жаһандық сын-қатерлерге ұрын­дыр­май­­тын, дағдарысқа қарсы бағ­дарламаларды қамтитын Ұлт Жоспарымыз бар.

    Осындай жағдайда Парламент Мәжілісі депутаттарының өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуын сұраған үндеуін қа­былдап, Жарлыққа қол қойған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «мен депутаттардың бастамасын Қазақстан мен қа­зақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыдан қамқор­лық танытудың көрінісі деп қабылдаймын», деді.

    Бұрынғы Парламент Мәжілі­сі депутат­тарының Пар­­ла­мент­тен бөлек түрлі дең­гейдегі мәслихаттар сайлауларын артық қаржы шы­ғынсыз бір мезгілде өткізуге үн­дегені де елдің қамы деп түсіндік.

    Біз шикізаттан тү­сетін та­бысқа малдана бермей оның бағасы төмен жағдайда да өмір сүруге талпы­нуымыз керек. Әлем­де табиғи қазба бай­лықтары жоққа тән болса да шекесінен шеруен атып, ғылым мен жаңа техно­логиялар­дың арқасында байлыққа батып отыр­­ған мемлекеттер бар. Біздің елде де жаңаша ойлай алатын, әлемдік ғылыми жаңа­лықтардың иесі, идеяларын өнді­ріске қол­данса үлкен табысқа ке­нел­тетін ғалымдарымыз жеткі­лікті.

    Қазақстанның келешегі ша­ғын және орта бизнесте. Ұлан-ғайыр жеріміз мың­ғырған мал өсіруге де, бау-бақша, көкөніс, астық егуімізге де молынан жетеді. Бұл туралы Елбасымыз талай рет айтқан. Жа­йы­­лымдыққа жер таппай отырған мемлекеттер де бар. Мәселен, жоғары сұрыпты сиыр етін дайындаумен аты шыққан, күреп табыс тауып отырған Оңтүстік Корея мемлекеті мал бордақылау концерн­деріне азықтық жем дайындау үшін қажет шөп, дақылдарды Амери­кадан бастап біраз шетелдерден тасымалдайды. Өзінде жер жетпейді. Қазір оңтүстіккореялық кәсіпкерлер Сарыағаш ауданында жылыжай салу, бау-бақ­ша өнімдерін өсіру жөнінде әкімдікпен келісімшарт жасасып, инвестиция салып жатыр.

    Мемлекет басшысы Парламент Мә­жілісі депутаттарының кезектен тыс сай­лауын тағайындауға байланыс­ты халыққа үндеуін­де индустрияланды­руды алға бас­­тырып, шағын және орта бизнесті дамыту керектігін айтты.

    Бұл бағытта облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов толымды жұмыс жасап жатқан­дығын айту керек. Мемлекет басшысы «Қазақстандағы үшінші қала Шымкент» деп баға берген шаһар әкімі Ғабидулла Әбдірахимов те Шымкенттің сәулетін арттыратын, байлығын еселейтін, халықтың әл-ауқатын көтеретін жобалар дайындап, үлкен инвес­тициялардың құйылуына ұйытқы болып отыр.

    Қазіргідей қиын жағдайда ысырапсыз өмір сүріп, ресурстарды үнемдеп, жұмыс орындарын сақтамасқа болмайды.

    «Қазір елдің әрбір азаматының пат­риот­тығы сынға түсуде. Бізде тағдырға мойынсұнып, әйтеуір бір уақыттары бәрі орнына келетініне, мұнай бағасы көтеріліп, жағ­дайдың жақсаратынына үміттеніп отыруға уақыт жоқ.

    Бүгінде кез келген жаһандық сын-қатерге үнемі жүйелі әрі алдын ала жауап беру және тиісті шаралар қабылдау маңызды. Бізге «Қазақстан-2050» Стра­тегиясының бағытын жал­ғас­тырып, дағдарысқа қарсы бағ­дарламаны іске асыру, Ұлт Жос­парын орындау керек. Мың­даған азаматтарымызға жұмыс бере отырып, «Нұрлы Жол» бағ­дарламасын белсенді жүзеге асыру қажет. Үкімет, министрлер мен барлық деңгейдегі әкімдер бұрынғы дағдарыс тәжірибесі мен ин­фрақұрылымдық құрылыс мүм­кіндіктерін пайдалана отырып, жұмыс орындарын ұсыну арқылы шығындарды қысқарту, аппаратты оңтайландыру үшін резервтер іздестіруі тиіс», деді Ел­басы.

    Біз осы үдеден табылуға тиіс­тіміз.

     Бейсенбек ЖАНБОСЫНОВ,

    Шымкент қаласы әкімінің

    орынбасары.

     Оңтүстік Қазақстан облысы. «Егемен Қазақстан» 22.01.2016 ж.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.