Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекеттік қызметке үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілді
    Жаңалықтар

    Мемлекеттік қызметке үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.01.2016604 Views

    Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында айтылған жаңа реформа аясында, мемлекеттік қызметке қабылданатындарға үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілді. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша Департаментінің басқарма басшысы Абдулла Есімханов мәлімдеді. Айтуынша, қызметтік саты, әуелі, ең төменгі лауазымнан басталады, ал одан әрі жоғарылауы үшін белгілі бір құзыреттілік, төменгі лауазымда жұмыс өтілінің болуы, сондай-ақ тұрақты түрде біліктілігін арттыруы талап етіледі. Жаңа заңға сәйкес, мемлекеттік органдардағы босаған лауазымдарға конкурс мемлекеттік органның ішінде, өз қызметшілері арасында өткізіледі. Сәйкес келетін үміткер болмаған жағдайда, конкурс барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жүргізіледі. Ол жерде де оң шешімі табылмаса, үшінші кезең, яғни жалпы жұртшылық арасында жүргізіледі. Ал ауысу рәсімі тек баспасөз хатшыларына және саяси қызметшілердің көмекшілеріне ғана сақталып қалмақ. Бұл дегеніміз сол мекемедегі талапты да талантты азаматтардың болашағына сеніммен қарап, қызметтік өсуіне жол ашу. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке алғаш рет қадам басқандар үш кезеңдік іріктеуден өтеді.

    Атап айтсақ, бірінші кезең – тестілеу, екінші кезең – жеке қасиеттерін бағалау, үшінші кезең – әңгімелесу. Аталған кезеңдерден өткендерге тәлімгерлер бекітіліп, 3 айдан 6 айға дейін сынақ мерзімі белгіленетін болады. Абдулла Есімханов мемлекеттік қызметшілер үшін Заңмен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар ұғымы енгізілгенін де айтты. Мұндай теріс қылықтарды жасау тәртіптік жауапкершілікке, соның ішінде жұмыстан шығаруға да әкеліп соғатынын, жұмыстан шығарылғандар мемлекеттік қызметке қайта кіру мүмкіндігінен айырылатындығын жеткізді. Айта кету керек, облыста 8217 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Соның ішінде ер азамат қызметкер 5625 болса, 2592 –сі әйел азаматтары, 112-сі зейнеткерлік жасқа жақындағандар, ал, 1868-і жас мемқызметкер болып табылады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.