Сейсенбіде облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телерадиохабар тарату желісінің миллионыншы абоненті — Сайрам ауданы Ақарыс ауылының тұрғыны Тамара Биназарованы марапаттады. Мерейтойлық абонентке HD форматындағы сұйықкристалды теледидар табысталып, «Толық» ақылы арналар топтамасын бір жыл бойы тегін тамашалайтын болды. Осылайша, отандық жерсеріктік оператордың еліміздегі абоненттер саны бір миллионға жетті десек, бұл шамамен 4 миллион көрермен, яғни, республика халқының 23 пайызы деген сөз. Соңғы бес жылдан бері Қазақстан халқына қызмет етіп келе жатқан «OTAU TV» жобасы елдегі тиімді жұмыстары арқылы сұранысқа ие екенін айғақтайды. Өңірімізге миллионыншы абонентті арнайы құттықтай келген «Қазтелерадио» бас коммерциялық директоры Бахтияр Ошурбаев бұл желі 2011 жылы Елбасының тапсырмасымен Қазақстанда тұңғыш рет ұлттық жерсеріктік (спутник) «OTAU TV» желісі болып іске қосылғанын айтты.
ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
Заң қызметтерінің қолжетімділігі бүгінгі күннің маңызды мәселенің бірі. Тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында Ospanova Law Group компаниясының директоры, құқықтану саласының маманы,...