Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қала әкімі Қытай инвесторларымен кездесті
    Жаңалықтар

    Қала әкімі Қытай инвесторларымен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.01.2016205 Views

    Еуразиялық форумда Елбасы Н.Назарбаев: «2020 жылға дейін Қазақстанда жыл сайын энергия тұтыну көрсеткіші кем дегенде 2,5 пайызға, ал келесі онжылдықта жылына 3,5 пайызға төмендеуі тиіс. Еліміз болашақ энергияның айтарлықтай әлеуетіне ие. 2050 жылға қарай баламалы энергия елде өндірілген барлық энергияның жартысына жақындауы тиіс. Ондай мүмкіндігіміз бар»,- деген болатын. Осыған орай еліміз көршілес Қытаймен бірлесіп жаңа бір сала – экологиялық таза қуат көзін өндіру бағытында да әріптестікке қол жеткізіп келеді. Елбасының баламалы энергия көздерін дамыту жобасын қолдау мақсатында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ҚХР «Датанг оверсиз инвестмент» компаниясының Орталық Азиядағы инвестициялық жобалар жөніндегі басшысы Чжан Чжемен кездесті. Қазіргі таңда әлемде энергия көздеріне деген сұраныстың жыл өтен сайын артып отырғандығын сөз еткен қос тарап, жаңа энергия көздерін табудың жолдарын талқылады. Бұл ретте «Датанг» компаниясының жауаптылары қалпына келетін қуат көздері жобаларын дамытудағы ынтымақтастық туралы өз ойын ортаға салды. Өз кезегінде шаһар басшысы «Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы» жаңа жобаларға осындай экологиялық талаптарға сай энергия көздерінің қажет екендігін айтып өтті. Әрі, қызығушылық танытқан кәсіпорындарға қолдау көрсететіндігін жеткізді. Айта кетерлігі, қазіргі таңда қытайлық компания Қазақстанда көмір газын (жанған көмірден алынатын газ) өндіру жобасына белсене араласып жатыр. Қазір олар еліміздегі электр стансаларын газ генераторларымен жабдықтауда. Табиғатты қорғауға қосар үлесін былай қойғанда, бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, жаңа инвестициялық мүмкіндіктер алып келері анық.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.