Жұма күні өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 46-сессиясы өтті. Күн тәртібінде – ОҚО-ның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы, «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» ОҚО мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ОҚО-ның басқару схемасы және «ОҚО бойынша тексеру комиссиясы» ММ жайлы ережені бекіту жайлы 4 мәселе қаралды. Жиында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан қабылдап, бекітті. ОҚО-ның басқару схемасы бойынша облыстық әкімдікке қарасты 19 басқармадан кейбір міндеттер алынып, жаңадан қосылған 4 басқармаға жүктелетін болды. Яғни, облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасынан жастар саясаты бөлініп шығып, жеке дара басқарма ретінде жұмысын жалғастыратын болды. Бұрынғы басқармадағы тілдерді дамыту істері облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасына қосылды. Сонымен бірге, бұдан былай облыстық жер қатынастары және жердің падаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы ОҚО жер қатынастары басқармасы және ОҚО жер инспекциясы басқармасы ретінде жұмысты жалғастырмақ. Ал облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының міндеттері өзгертіліп, ОҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы болып жеке жұмыс жасамақ. Жиын соңында өңіріміздің дамуы мен өркендеуіне атсалысқан бірқатар азаматтар «ОҚО-ның Құрмет грамотасымен» марапатталды.
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫ САРАЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық көрсеткіші 12 пайызды құрады. Екі индустриалдық аймақ ашылып, 293 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 80 мың...