Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Өсіпов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. ұған дейін Марат Сапарұлы Алматы қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы болды. Сондай-ақ, ол ҰҚК орталық аппараты конституциялық құрылымды қорғау жөніндегі департаменттің жетекшісі болып қызмет атқарды.