Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы аясында семинар өтті
    Жаңалықтар

    Шымкентте «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы аясында семинар өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.01.2016141 Views

    Бүгін, Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын практикалық тұрғыдан іске асыру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, «Нұр Отан» Партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев еліміздің бес өңірінен келген делегаттар мен салаға қатысты мамандар және БАҚ қатысты. Жиында сала мамандары мал шаруашылығын дамытуда ауылшаруашылығы кооперацияларын құру мәселелерін талқылады.  Еске салсақ, өткен жылдың желтоқсан айында ауылдық жерлерде жұмыспен қамту саясатын белсенді жүргізу, кәсіпкерлікті дамыту және жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасында бірлескен түрде арнайы меморандумға қол қойылған болатын. Басқосудың бірінші болып ОҚО-да өтуі — біздің өңірдің түрлі салалар бойынша оңды тәжірибесінің арқасында мүмкін болып отыр. Ал негізінен, шағын тауарлық өндірісті дамытуға қаражат бөлу жөніндегі меморандум 5 пилоттық өңір — Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге аспақ. Осылайша, ауыл тұрғындарына 6 млн. теңгеге дейін 5 жыл мерзімге төмендетілген мөлшерлемемен шағын несие беру жөніндегі партия ұсынысын Үкімет қолдады. Тұрақты жұмыс орындарын ашуға, жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде отбасылық бизнесті дамытуға бағытталған бұл жобаның қаржыландырылуы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы іске аспақ. Жобаның бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтқанда, отбасылық кооперация мен ауылда өндірілетін өнімді тиімді жылжытудың логистикасын дамыту көзделуде.  Айта кетейік, «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы 2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстанда іске асырылған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының оңды тәжірибесі негізінде жүзеге асырылмақ. Бағдарламаны іске асыру басталғалы бері 26,4 мың тонна ет, 13,2 мың тонна сүт өндіріліп, 11 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Одан басқа, тұрақты түрде сүт өткізуден табыс алатын 30 682 адам қамтылған. Кеңеске қатысушылар Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарында болып, несие алушы фермерлермен кездесіп, өңірдегі қосалқы шаруашылықтардың жұмысымен таныспақ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.