Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да индустрияландыру картасы шеңберінде 115 жоба жүзеге асырылуда
    Жаңалықтар

    ОҚО-да индустрияландыру картасы шеңберінде 115 жоба жүзеге асырылуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.01.2016148 Views

    Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті. Мемлекет басшысының Бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамындағы» міндеттердің орындалуын баяндаған өңір басшысының орынбасары индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 869 млрд.тг. құрайтын 115 жоба жүзеге асырылып, оның инвестиция көлемі 44,6 млрд.тг. құрайтын 27 жобасы 2015 жылы іске қосылғанын хабарлады. Аталған жобалар толығымен жүзеге асырылғанда 19,9 мың жұмыс орны құрылатын болады. «2015 жылдың 11 айында 593 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52 млрд. теңгеге артқан. Бұл көрсеткіш бойынша біздің өңір республикада 5 — орынға ие. Ал өңдеу өнеркәсібінде 373,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 353,7 млрд.теңгені құраған»,- деді С.Тұяқбаев. Баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы саласына тоқталған облыс әкімінің орынбасары 2015 жылы «Агробизнес – 2020», «Нұрлы жол» бағдарламалары шеңберінде облыстық және жергілікті бюджеттен 22 бағдарлама бойынша 28,5 млрд.тг бөлініп, ол 2014 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артқанын мәлімдеді. Осы бөлінген қолдау қаржылары мен жүйелі жұмыстардың арқасында ауыл шаруашылығының егіс көлемі 772,5 мың га ұлғайған. Ал республикада жылыжайлар үлесінің 87 пайызын құрайтын өңірімізде жылыжай көлемі 1023 га жетіп, мұндағы жыл сайынғы өндірілген көкөніс көлемі 150-180 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар, мал шаруашылығы саласында «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» бойынша «Сыбаға» бағдарламасымен 20,7 мың бас аналық, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 47,7 мың бас ұсақ мал алынса, «Құлан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 3894 бас жылқы алынып көрсетілген меже артығымен орындалған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.