«Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласынан тапсырылатын 492 пәтерге азаматтардан тиісті құжаттар қабылдаған болатын. Ал, осы сәтте баспаналы болудан дәмелі азаматтар қалалық тұрғын- үй коммуналдық шаруашылық бөліміне лек легімен жиналған болатын. Нәтижесінде үш күн ішінде 492 пәтер үшін 2638 азамат баспана алуға құжат тапсырып үлгерген. Ал, оларға қойылған негізгі талап жергілікті атқарушы органда кезекті тұруылары тиіс. Қазіргі таңда өтініш білдірген құжаттар кезектері бойынша арнайы тізім қалыптасуда екен. Айта кету керек, «ҚИК» АҚ арқылы 2014-2015 жылдары ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар ішінен жалпы саны 1641 тұлға пәтер алуға ниет білдірген. Ал, соның 973-не пәтер бөлінсе, 117 құжат банк қарауынан өту үстінде. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов арнайы баспасөз жиынында мәлімдеді.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ
Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....