Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова ауыл шаруашылық саласында ұзақ жылдар бойы ерінбей еңбек еткен ардагер Жарылқап Төлбасиев пен Аппаз Досқараевқа ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін табыстады.
Сала министрі Асылжан Мамытбековтың бұйрығымен берілген бұл марапат Оңтүстік өңірінің ветеринария саласында 40 жыл еңбек еткен Жарылқап Төлбасиев пен аграрлы аймақта 48 жылдан астам жұмыс істеген Аппаз Досқараевтың еңбегіне лайықты құрмет болып табылады, — деп атап өтті Гүлжан Мамытқызы.
ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...










