Шымкентте тағы да жер сілкінді. Зілзала 26-желтоқсанда Астана уақытымен 1:14-те байқалған. Сейсмологтардың мәліметінше, Ауғанстан аумағында қуаттылығы 7,1 болған жер сілкінісінің дүмпуі Оңтүстік өңірінде 3 балды көрсетіпті. Айтып өту керек, бұл желтоқсан айында осымен екінші рет қайталанып отыр. Осыған дейін Шымкент қаласында жер сілкінісі 7-желтоқсанда байқалған болатын.
ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...










