Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы: тұрақты дамудың 5 бағыты» тақырыбында сарапшылар форумы өтті. Еліміздің беделді сарапшылары бас қосқан жиында Елбасының кешегі Жолдауын түсіндіру насихаттау емес, ондағы міндеттерді орындауда форумда айтылған ұсыныстарды қолдану болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен ҚР Президентінің жанындағы «Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты» бірлесе ұйымдастырылған форум екі бөлімнен тұрды. Форум жұмысына облыс әкімі Б.Атамқұлов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Е.Карин, саясаттанушы Е.Саиров, Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі А.Жолдыбалина, Ұлттық зерттеулер институтының директоры Б.Нұрмұхамедов, Саясаттанушы, қоғам қайраткері Б.Әбдіғалиұлы, «Абай-ақпарат» қорының вице-президенті, саясаттанушы А.Сарым, ҮЕҰ, саяси партиялар мен сарапшылар, ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Форумның ашылуында сөз алған өңір басшысы келген сарапшылар мен қонақтарға алғысын білдіріп, осы Жолдауда көрсетілген тың мақсаттарды тиісті деңгейде орындау біздің міндетіміз екенін айтты. Биылғы Жолдау жарияланғаннан кейінгі ең алғашқы сарапшылар жиыны Оңтүстік Қазақстанда өткізіліп отыр, деді — ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Е.Карин. − Елбасының Жолдауында айтылған тегін кәсіптік білім беру жүйесін енгізу туралы бастамасы тек жастарға мамандық беруді көздемейді. Мұның ерекше әлеуметтік және саяси маңызы бар. Әлемдегі ешбір елде жастарға мамандықты тегін беру жүйесі толықтай іске аспаған. Мемлекет басшысының бұл бастамасы экономиканың дамуына және жұмыссыздықтың азаюына ықпал етеді. Ал мұның нәтижесін аз уақытта көретін боламыз, -деп айтты форум жұмысында Е.Карин. Форумға қатысушылар ел даму жолындағы ұсыныстарын айтып, сұрақ-жауаптар мен пікір алмасты.
ШЕКАРА ШЕБІ: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Сарыағаш шекара жасағы - еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған шекара жасақтарының бірі болып табылады. Облыс республикамыздың оңтүстік шекарасын қорғауда...