Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Халықаралық қатынастар» аталымында «Жыл адамы-2015» сыйлығының лауреаты атанды. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық саясат пен Еуразиялық экономикалық одақты нығайтудағы жоғары жетістіктері үшін бұл марапатқа лайық. Салтанатты марапаттау рәсімі 10 желтоқсан күні Мәскеудегі Христа Спаситель храмында өтті. Сондай-ақ, 2015 жылы сыйлық лауреаттарының қатарында РФ Президенті В.Путин, Беларусия Президенті А.Лукашенко, ҚХР басшысы Си Цзиньпин, Куба Республикасының Мемлекеттік кеңесі мен министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастро, Татарстанның бірінші президенті Минтимир Шаймиев және тағы басқалар бар.
РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...










